"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" МКМ мен "Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ арасында 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісім

Жаңа

ҚОСЫМША КЕЛІСІМ

      Осы Қосымша Келісімнің тараптары:

      білім беру ұйымдарынан (білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, бұдан әрі – Жұмыс берушілер) – "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ;

      білім басқармасына қарасты білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлерінен – "Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ,

      "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" МКМ мен "Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:

      Келісімнің жекелеген ережелері мынадай өзгертілген редакцияда жазылсын және жаңа ережелермен толықтырылсын:

      1. Келісімнің 6-тарауы "Еңбек ақы мен еңбек нормалары" 6.6. тармағы 7, 8 тармақшалармен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      6.6. Лауазымдық жалақыдан (ЛЖ) төленетін қосымшалар мен үстемеақылар:

7.

Білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларына ынталандыру үстемеақысы

Түзету коэффициентін ескере отырып, қызметкердің лауазымдық жалақысынан 30%

8.

Білім беру ұйымдарының іс жүргізушілеріне (хатшыларына) еңбек шарттары және лауазымдық нұсқаулықтарымен көзделген негізгі жұмыстарымен қатар, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтылығы шеңберінде, атқаратын өзге жұмыстарымен байланысты қызмет көрсету аймағының кеңейтілуіне сәйкес қосымша ақы тиісті түрде рәсімделе отырып,

қызметкердің өзінің лауазымдық жалақысынан (ЛЖ) 50%

      2. Келісімнің № 5 қосымшасы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу ЕРЕЖЕСІ" "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары мен Тараз қаласы және аудандардағы білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларының лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу тәртібі мен шарттарымен", 27-40 тармақтармен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары мен Тараз қаласы және аудандардағы білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларының лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу тәртібі мен шарттары

      27. Азаматтық қызметшілердің (Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты және аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары) лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – тәртіп пен шарттар) айқындайды.

      28. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармағының 37) тармақшасына сәйкес қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы жалақы болып табылады.

      Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары мен Тараз қаласы және аудандардағы білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларына лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеу, қызметкерлерді көтермелеудің өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқару, үстеме жұмыс) төлемеуге кедергі болмайды.

      29. Білім беру ұйымдарында кредиторлық берешектің болуы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты және аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге кедергі келтірмейді.

      30. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты және аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты білім беру ұйымдарын қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылына көзделуге тиіс.

      Үстемақы төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.

      31. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға өтінім береді.

      32. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік өтінімді Жамбыл облыстық мәслихатының қарауына ұсынады.

      33. Мәслихаттың оң шешіміне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім береді.

      34. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеу білім беру ұйымының басшысының (қалалық, аудандық), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының не оны алмастыратын адамның әр күнтізбелік жылдың басында шығарылатын бұйрығымен жүргізіледі.

      35. Жазбаша ұсынымды кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларының тікелей басшылары (міндетін атқарушы), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының басшысына, білім бөлімдерінің бірінші басшысына (қалалық, аудандық), немесе басшылық міндет уақытша жүктелген адамға ұсынады.

      36. Ұсынымда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы, белгіленетін үстемеақының негіздері мен қызметкердің өзінің лауазымдық айлықақысының 30% -нан аспайтын мөлшерде көрсетіледі.

      37. Ұсынымды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты және аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының басшылары (міндетін атқарушы) күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      38. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ведомстволық бағынысты және аудандар мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының басшылары (міндетін атқарушы) ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуге келіседі немесе белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, бас тартады.

      39. Ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін қызметкерлердің қызмет нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, ерекше маңызды, күрделі тапсырмаларды және жұмыстағы басқа да жетістіктерді орындау;

      4) шұғыл әрі алдын ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау, оның нәтижесінде Ұйымның қызметтерін тұрақты( үздіксіз) қамтамасыз ету;

      5) егер уақытша болмаған қызметкерді алмастыру алмастыратын қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындау;

      6) кеңейтілген міндеттердің ауқымын, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен ұштасатын болса оларды практика барысында табысты қолдана отырып, қызметкерлерге жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен жұмыстағы дағдыларды, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде үстемеақылар объективті жағдайларға байланысты белгіленуі мүмкін, мысалы: кәсіби қызметі барысында жарақат алу, денсаулығына басқа да зақым келу, жұмыс кезінде міндеттерін орындау барысында мертіккен жағдайда, еңбекке жарамдылық қалпына келгенше немесе мүгедектік тағайындалғанға дейін;

      8) кітап қорының білім беру ұйымының жұмыскерлеріне, білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ электрондық кітапхана арқылы қызмет көрсетумен байланысты жұмыстары үшін.

      40. Кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылардың лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу туралы жұмыс берушінің бұйрығының үлгісі

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 107 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылғы 28 қазандағы № 637-Ө бұйрығын, 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімді, Ұжымдық шартты негізге ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. Еңбек міндеттерін тиісінше орындағаны үшін, оның ішінде жұмысқа келмеу және кешігу болмаған кезде, берілген тапсырмаларды белгілі бір мерзімде сапалы орындағаны үшін, қосымша жұмыс көлемін орындағаны үшін, ерекше маңызды тапсырмаларды және ерекше шұғыл жұмыстарды сапалы және жедел орындағаны үшін, басшылықтың қызметкерге біржолғы тапсырмаларын орындағаны үшін, кітап қорының білім беру ұйымының жұмыскерлеріне, білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ электрондық кітапхана арқылы қызмет көрсетумен байланысты жұмыстары үшін 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі қызметкерлерге айсайынғы ынталандырушы үстемеақыларды қызметкердің өзінің лауазымдық жалақысынан 30% мөлшерде белгіленіп, төленсін:

      Т.А.Ә. – лауазымы;

      Т.А.Ә. – лауазымы;

      Т.А.Ә. – лауазымы;

      Т.А.Ә. – лауазымы.

      2. Кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі (іс-жүргізуші, кадрлар бойынша инспектор, жауапты тұлға) Т.А.Ә. осы бұйрықпен қызметкерді (-лерді) таныстыру жүктелсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау лауазымы Т.А.Ә. жүктелсін.

      Негізі: Лауазымы Т.А.Ә. 00.00.2024 жылғы жазбаша ұсынымы.

      Басшы Т.А.Ә.
      Орындаушы:
      Т.А.Ә. – лауазымы.
      Бұйрықпен таныстым: Т.А.Ә.

      Осы Қосымша Келісім Жамбыл облысының Тараз қаласында 2024 жылғы 5 қарашада жасалған.

Қосымша Келісімге қол қоюшылар:

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ-нің басшысы
_______________ Р.Н.Садыркулов

"Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ-нің төрағасы
______________ Е.С.Мағзымбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады