"Астана қаласының Білім басқармасы" ММ және "Астана қаласының білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге № 1 ҚОСЫМША КЕЛІСІМ

Жаңа

17 қаңтардағы 2024 жылгы № 319 № 1 ҚОСЫМША КЕЛІСІМІ

      Астана қ.                                    "___" ______________ 20___ ж.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қосымша келісім 01.01.2024 ж. бастап күшіне енеді.

      "Астана қаласының Білім басқармасы" ММ және "Астана қаласының білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) бірлесіп "Тараптар" деп аталатын "Астана қаласының Білім басқармасы" ММ және "Астана қаласының білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ төмендегілер туралы № 1 қосымша келісім жасады:

      1. Келісімнің 2.8. тармағы өзгертілсін және келесі редакцияда оқылсын:

      "2.8. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және жоғары кәсіптік және біліктілік деңгейі бар жұмыскермен, оның жұмысқа қабілеттілігін ескеріп, еңбек шарты жыл сайын шектеусіз созылуы мүмкін.".

      2. Келісімнің 2.32. тармағы өзгертілсін және келесі редакцияда оқылсын:

      "2.32. Екі жылдан аз қалған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін ҚРЕК-нің 52-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің және Кәсіподақ комитетінің өкілдердің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімі болмаса, жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

      3. Келісімнің 7.2.3. тармағы өзгертілсін және келесі редакцияда оқылсын:

      "ҚРЕК-нің 157-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, оның ішінде шаруашылық жүргізу режимінде білім беру ұйымдарының Кәсіподақ мүшесі болып табылатын біліктілігі жоқ жұмысшыларына (азаматтық қызметші болып табылмайтын жұмыскерлерге) ең төменгі жалақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы қаражатты үнемдеу есебінен кредиторлық берешек болмаған кезде негізгі жұмыс орыны бойынша төлейді.".

      4.Келісімнің 7.4. тармағы өзгертілсін және келесі редакцияда оқылсын:

      "7.4. Қазақстан Республикасы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес ҚРЕК-нің 157-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру және педагогты әлеуметтік қолдау үшін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, оның ішінде шаруашылық жүргізу режиміне ауыстырылған ұйымдардың Кәсіподақ мүшесі болып табылатын Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың куәлігі бар жұмыскерлері мен педагогтарына қаражатты үнемдеу есебінен кредиторлық берешек болмаған кезде негізгі жұмыс орыны бойынша:

      1) радиациялық тәуекел аймақтары бойынша қосымша ақы:

      - төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 2 АЕК;

      - ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 1,75 АЕК;

      - жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 1,5 АЕК;

      - ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 1,25 АЕК;

      - жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша – 1 АЕК алуға құқылы.

      2) аймақтар бойынша жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс:

      - төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 14 күтізбелік күн;

      - ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 12 күтізбелік күн;

      - жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 10 күтізбелік күн;

      - ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша – 7 күтізбелік күн;

      - жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша – 5 күтізбелік күнi бар демалыс бекітіледі.

      Радиациялық тәуекел аймақтары Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңымен айқындалады.

      5. Келісімге № 4 қосымшасының 3.6.11. тармағы өзгертілсін және келесі редакцияда оқылсын:

      "3.6.11. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;".

      6. Осы қосымша келісім үш данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған, бірдей заңды күшке ие.

      7. Осы қосымша келісім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Қол қойған Тараптар:

"Астана қаласының
Білім басқармасы" ММ
 
"Астана қаласының білім
қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ
Басшы
Сенғазыев Қ. С.
_________________
Төраға
Әлиев Б. Ә.
__________________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады