Автомобиль жолдары үшін жер телімін бөлу

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ҚР ҚН 3.03-02-2013 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап бекітілген.

1

ӘЗІРЛЕГЕН:
 

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ, "Монолитстрой-2011" ЖШС
 

2

ҰСЫНҒАН:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы

3

БЕКІТІЛІП, ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗІЛДІ:
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап

      Мазмұны

КІРІСПЕ

      Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, жалпы қолданылатын автокөлік жолдарына және өнеркәсіптік кәсіпорындарға, сонымен бірге шаруашылықішілік, өнеркәсіптік кәсіпорындар және мекемелер (ішкі) үшін жер бөлу нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық және техникалық актілерге сәйкес өңделген.

      "Нормативтік сілтемелер" тарауында келтірілген өзге нормативтік актілермен бірге қолданылатын осы Мемлекеттік норматив автокөлік жолдарының құрылысы және реконструкциясы кезінде қолдану үшін міндетті.

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

      1.1 Аталмыш құрылыс нормалары Қазақстан Республикасындағы жалпы қолданудағы автокөлік жолдарын және өнеркәсіптік кәсіпорындарға, сонымен бірге шаруашылықішілік, өнеркәсіптік кәсіпорындар және мекемелерге (ішкі) автокөлік жолдарының құрылыс және реконструкциясы үшін жердің бөлінуіне койылатын қызметтік талаптарды құрады. нормативтік талаптарды мақсаты ретінде айқындайды.

      1.2 Осы құрылыс нормалары автокөлік жолдарының құрылысы және реконструкциясы кезінде жер бөлу үшін қолданылатын міндетті нормаларды негіздейді. күрделі жөнделетін, жалпы қолданылатын автокөлік жолдарын және өнеркәсіптік кәсіпорындарға, сонымен бірге шаруашылық кәсіпорындар және мекемелерге (ішкі) жерасты жолдарын жоспарда және телімдердің жерасты профилінде қайтадан құрылатын, реконструкцияланатын және кайта құрылымдалатындардың жобалауын жүзеге асыратын. барлық мекелер. заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

      Аталмыш құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер қажет:

      Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 9 маусымындағы № 481-11 Су кодексі.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы № 442-11 ҚРЗ Жер кодексі.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 маусымындағы № 477-11 Орман кодексі.

      Қазақстан Республикасының 09.01.07 жылғы № 212-111 Экологиялық Кодексі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылдың 16 шілдесіндегі № 242-11 Заңы.

      Қазақстан Республикасының "Автокөлік жолдары туралы" 2001 жылдың 17 шілдесіндегі № 245-11 Заңы.

      Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы" 2002 жылдың 4 желтоқсанындағы № 361-2 Заңы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығының құқықтық қамсыздандырылуын жетілдіру туралы" 1998 жылдың 5 қыркүйегіндегі № 845 Қаулысы.

      Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ағымдық жыл ішіндегі жыл сайын шығарылатын ақпараттық тізімдер және нұсқағыштар бойынша және ағымдық жылы жарияланған. сәйкес ай сайынғы шығарылатын ақпараттық бюллетеньдер және нұсқағыштар бойынша сілтемелік нормативтік құжаттардың жарамдылығын тексерген жөн.

      Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген болса), онда осы Мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алуы тиіс.

      Егер сілтемелік құжат ауыстырылмастан күшін жойған болса, онда оған сілтеме жасаған ереже аталмыш сілтемені қозғамайтын бөлігіне қатысты қолданылады.

3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

      Осы құрылыс нормаларында сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

      3.1 Жол жиегіндегі жолақтар: Шектеулерінде көлік және халық қозғалысының кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жерлерді қолданудың ерекше шарттарын айқындайтын, автокөлік жолдарының бұру жолағына жанасқан жер телімдері.

      3.2 Бұру жолағы: Автокөлік жолдарының сәйкес құрастырылымдық элементтерін және инженерлік құрылыстарын орналастыруға арналған, автокөлік жолдарымен толтырылған көлік жерлері, сонымен бірге оларды пайдалану үшін қажетті жол байланысының құрылғылары және ғимараттар. қорғаныс және декоративті орман көшеттері.

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАР

      4.1 Нормативтік талаптар мақсаты

      Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптар мақсаты экономикалығы мен ұзақ мерзімділігін, адам денсаулығы мен өміріне. қоршаған ортаға залал келтірудің тиімсіз тәуекелдерінің тууына жол бермеуді ескере отырып, кауіпсіздік, сенімділік, пайдалану жарамдылығының талаптарына жауап беретін жол жиегіндегі инфрақұрылымның автокөлік жолдарына арналған бұру жолақтарын жобалау және пайдалану болып табылады.

      4.2 Қызметтік талаптар

      Бұру жолағын ұйымдастыру және оны жайландыру халықтың кауіпсіздігін қамтамасыз етуі және жол қозғалысы, қоршаған ортаны қорғаудың кауіпсіздік талаптарын ескере отырып, автокөлік жолдарын пайдалану шарттарын құру, сонымен бірге автокөлік жолдарының даму келешектерін ескере отырып. автокөлік жолдарының реконструкциялану, күрделі жөндеу және пайдалану, оны сақтау шарттарын құруы қажет.

5 ЖАЛПЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНА АРНАЛҒАН БӨЛІНЕТІН ЖЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      5.1 Автокөлік жолдарына арналған бұру жолағын құрайтын жер телімдерін қалыптастыру айқындалған тәртіпте бекітілген нормативтер бойынша аймақты жоспарлау бойынша құжаттар. жер телімдерінің шекаралары жобалары негізінде және кұрамында бұру жолағының жобасы жасалынуы тиіс жобалық-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      5.2 Автокөлік жолдарына арналған жер телімдері және жер бұру жолақтары ұсынылады:

      1) Тұрақты жер қолдануды (тұрақты жоғалту) - бұру жолақтары үшін;

      2) Уақытша жер қолдану кезінде (уақытша жоғалту) - автокөлік жолдарының құрылысы кезінде уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру үшін.

      5.3 Автокөлік жолдары үшін жерлерді таңдау. бұру және қолдану кезінде Қазақстан Республикасының Жер, Экологиялық, Су және Орман Кодекстері, Қазақстан Республикасының "Автокөлік жолдары туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы" Заңы және өзге сәйкес нормативтік актілер қадағалануы тиіс.

      5.4 Тұрақты қолданудағы автокөлік жолдары үшін бөлінген жер телімдерінің жолақтарының ені және өлшемдері. жолдардың санаттарына тәуелді, қозғалыс жолақтарының саны, үймелер биіктігі, ойықтар тереңдігі, төсеу жобасында қабылданған, бүйірлік кюветтердің болуы немесе болмауы, үймелер және ойықтар еңістері, жер ылдилықтары және өзге шарттар талап етілген нормаларға сәйкес айқындалады.

      5.5 Бұру жолақтарының көлемдерін өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.

      Жолақтар шектеулерінде инженерлік коммуникациялардың, жол өткізгіштерінің, үстінен өтетін жерлердің. байланыс желілерінің, электр жабдықтау желілерінің, мұнай-газ құбырларының, сонымен бірге автокөлік жолдарын өзге қиып өтетін нысандардың (немесе оның тікелей жанында орналасқан ғимараттардың) орналасуы және құрылысы шарттарында мемлекеттік стандарттар және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес автокөлік жолдарының оның иегерлері және операторы арасындағы бекітілетін шарттармен айқындалады.

      5.6 Автокөлік жолдарының жеке телімдерін суарылатын немесе кептірілетін жерлерде, егістіктерде, көп жылдық жеміс көшеттері және жүзімдіктермен отырғызылған жер телімдеріне орналастыру қажеттілігі жағдайында жер төсемін бүйірлік резервтерсіз және кавальерлерсіз орнату қажет.

      Уақытша қолдану үшін ұсынылатын телімдер өлшемдері үймелерді көтеру үшін қажетті жүргізілетін жер жұмыстарының көлеміне тәуелді айқындалады.

      Аталған жерлерге автокөлік жолдарын орналастыру кезінде талап етілетін нормаларға сәйкес келетін. жерді бұру жолақтарының енінің азайтылуын қамтамасыз ететін жобалық шешімдерінің (эстакадалар құрылғысымен. тіреу қабырғалары, су бұру астаулары және т.б.) нұсқалары жасалынуы тиіс.

      5.7 Бұру жолағының шектеулерінде автокөлік жолының және жол жиегі инфрақұрылымының операторы міндетті: жер телімдерін олардың мақсаттық тағайындалуына сәйкес қолдануға; табиғи нысан ретінде жерге залал келтірмеуге: жер телімдерінің эрозиядан және дефляциядан қорғау бойынша шаралар қабылдауға, өртке қарсы және жерді қорғау бойынша өзге қажетті шараларды жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге талаптарды қадағалауға.

      5.8 Автокөлік жолдарымен және көпір өткелдерімен қиылып өтетін өзендердің жайылма алқаптары аймақ жолына жанасқан мелиорация және ауылшаруашылық иегерудің даму, сонымен бірге балық шаруашылығының даму келешектеріне қарай тұнбалану және батпақтанудан қорғалуы тиіс. Қажетті жағдайларда қосымша су өткізу құрылыстары мен эстакадаларды жобалау қажет.

      5.9 Қардан қорғау құрылғысын орналастыру үшін бөлінетін жердің жолақтар енін автокөлік жолдарын жобалау бойынша нормативтік құжаттамаларға сәйкес қабылдау қажет.

      5.10 Иеленген мақсаттардың түрлерін көрсете отырып. автокөлік жолдары үшін бөлінген жолақтардың және жер телімдерінің өлшемдері және орналасу орны автокөлік жолдарының құрылысына немесе реконструкциясына берілген техникалық (жұмыс) жобасы кұрамында келтірілген жер бөлу кестесінде көрсетілуі тиіс.

      Кестеде тұрақты қолдануға берілетін және уақытша қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді қолдануға ұсынылатын жер өлшемдері және аудандары көрсетілуі тиіс.

      Автокөлік жолына арналған жердің бөліну кестесін келістіру және бекіту бекітілген тәртіпте автокөлік жолының құрылысына немесе реконструкциясына берілген техникалық (жұмыс) жобасын келістіру және бекітумен біруақытта жүзеге асырылады.

      5.11 Бұру жолағын құратын, жер телімдеріне берілген құқықтарды сатып алу және күшін тоқтату, аталған жер телімдерін жердің сәйкес санатына қатыстыру Қазақстан Республикасының бекітілген азаматтық және жер заңнамасы тәртібінде жүзеге асырылады.

      5.12 Автокөлік жолдарын бұру жолақтарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының "Автокөлік жолдары туралы" Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      5.13 Жол жиегі инфрақұрылым нысандарымен және автокөліктердің қозғалыс және пайдалану кауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін арналған нысандармен иеленбеген. автокөлік жолдарын бұру жолағында орналасқан жер телімдері (олардың бөліктері) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығының құқықтық қамсыздандырылуын жетілдіру туралы" Қаулысына сәйкес қолданылуы мүмкін.

      5.14 Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан өзге бұру жолақтарының шектеулерінде тыйым салынады:

      - аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолының құрылысы, реконструкциясы. күрделі жөндеуі. жөндеу және ұстауымен, сонымен бірге жол сервисі нысандарын орналастырумен байланысты емес жұмыстарды орындауға;

      - аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолын қызмет көрсету, жол сервисінің нысандарына кірмейтін оның құрылысы, реконструкциясы, күрделі жөндеу, жөндеу және ұстау үшін арналмаған ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды және өзге нысандарды орналастыруға:

      - аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолын, оның телімдерін жөндеу немесе бұру жолағын ұстау бойынша жүргізілетін жұмыстардан өзге. жер телімдерін жырту, шөптерді шабу, орман көшеттерін және өзге көп жылдық көшеттерді кесуді және бүлдіруді іске асыру, қыртастарды алу және грунтты оюға;

      - автокөлік жолдарының иегерлерімен келісілген арнайы орнатылған орындардан тыс аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолдары арқылы жануарларды айдауға, жануарларды бағуға:

      - жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттер және (немес) нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келмейтін жарнамалық құрастырылымдарды орнатуға;

      - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немесе жол қызметін жүзеге асыруға қатысты емес ақпараттық қалқандар мен нұсқағыштарды орнатуға.

      Қазақстан Республикасының өзге бекітілген заңнамалар талаптары мен шектеулерін бұзуға.

      5.15 Бұру жолақтарының шектеулерінде жол сервисінің нысандары орналасуы мүмкін. Олардың орналасуын аталмыш нысандарды жобалау және құрылыс нормаларына. сонымен бірге құзыретті органмен бекітілген. аталмыш нысандарды орналастырудың бас сызбалары және құрылыс жоспарларына сәйкес келесі шарттар қадағаланған жағдайда жүзеге асырылады:

      - жол сервисінің нысандары аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолында көрінушілікті және жол қозғалысының кауіпсіздігі және автокөлік жолын қолдануды қамсыздандырудың өзге шарттарын нашарлатпауы тиіс;

      - жол сервисі нысандарының орналасу орнын таңдау аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолының мүмкін реконструкциялауын ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс;

      - жол сервисінің нысандары көлік құралдарының тұрақтау және тоқтауына арналған алаңдармен, кіре берістермен және жанасу орындарымен, оларға қол жетімділіктермен, сонымен бірге жабдықталған өткінші-жылдамдықты жолақтармен қамсыздандырылуы тиіс.

      Бұру жолағының шектеулерінде жол сервисінің нысандарын орналастыруға аймақты жоспарлау бойынша құжаттамалардың болмауы жағдайында құзіретті органның келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.

      5.16 Бұру жолағының шектеулерінде орналастыруға болады:

      - инженерлік коммуникациялар. автокөлік жолдары (аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолдарынан өзге), темір жолдары, электр тасымалдау желілері, байланыс желілері, құбыр жолы және теміржол көлігінің нысандары;

      - бұру жолағынан тыс орналасқан және оған қол жетімділікті талап ететін нысандарға жанасу орындары (өткінші-жылдамдық жолақтарын қоса алғанда) кіре берістер, съездер.

      5.17 Осы құрылыс нормаларының 5.14 тармағында көрсетілген нысандарды бұру жолағының шектеулерінде орналастыруға егер оларды бүру жолағының шектеулерінен тыс орналасуы жер бедерінің шарттары бойынша күрделі немесе мақсатқа сай емес болса, немесе егер мұндай орналастыру аймақтық маңыздылығы бар автокөлік жолын реконструкциялау жағдайында аталмыш нысандардың кайта орналасуын талап етпейтін жағдайда құзіретті органның келісімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

      5.18 Автокөлік жолдарына арналған бұру жолағының жобасы автокөлік жолдарын жобалау бойынша нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес топографиялық негізде орындалған графикалық бөліктен және түсіндірме хатынан тұруы тиіс.

      5.19 Автокөлік жолының бұру жолағы жобасында анықталуы тиіс:

      1) жерді. суды, табиғи ресурстарды қолдануда немесе табысты жоғалтумен байланысты жобаны жүзеге асыру нәтижесінде мүдделері қозғалатын тұлғалар:

      2) жоғалтылатын мүліктің. ресурстардың немесе табыстың орнын толтыру үшін мүдделері қозғалатын. ақшалай немесе табиғи түрдегі өтемақы-төлемдердің көлемін алуға құқылы тұлғалар;

      3) келесілердің әлеуметтік-экономикалық базасын қалыпқа келтіру үшін, оларды жоғалту сипаты, типі, деңгейіне тәуелді, ақшалай немесе табиғи түрдегі үстінен өтуге кететін шығындар, табысты қалпына келтіруге жәрдем, үстінен өтуге көрсетілетін жәрдем, табыстың орнын толтыру және бизнесті қалыпқа келтіруден тұратын өтемақыға құқық берілетін, мүдделі тұлғалар.

      4) қорытынды мерзімнен соң жоба аумағын иеленген адамдар және сондықтан жобамен қарастырылатын қалыпқа келтіру бойынша өтемақыға құқылы емес немесе жобамен қарастырылатын өзге шаралар, немесе олардың жерлерінің жанында орналасқан мемлекеттік жерді немесе табыс ала отырып, құқы жоқ мүлікті иеленген адамдар;

      5) мүдделері қозғалатын тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық қиысуы туралы ақпарат;

      6) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалатын өтемақылар көлемдері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады