2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1429.

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 630, 631, 632, 633, 634-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
630 қосымша

      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 803856 мың теңге (сегiз жүз үш миллион сегiз жүз елу алты мың теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы N 577 қаулысы ; "Смета бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысы ; "Штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларын барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн, ауылдық округтердегi статистиктердiң сенiмдi бастапқы статистикалық есептiлiктi жинауын қамтамасыз ету.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi мен оның аумақтық бөлімшелерінің орталық аппараттарын ұстау, бастапқы мемлекеттiк статистикалық есептiлiктiң дұрыстығын көтеру.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдар.!(кіші бағдарлама.! асыру !орындаушылар

      !ла. !дар.!ламаның) !ны) іске асыру !мерзім.!

      !ма. !ла. !атауы !жөніндегі ! дері !

      !ның !ма. ! !іс-шаралар ! !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 001 Әкімшілік

      шығындар

      001 Орталық Қазақстан Респуб. жыл Қазақстан

      органның ликасының Статистика бойына Республикасы.

      аппараты жөнiндегі агенттiгi. ның

      нiң орталық аппара. Статистика

      тын бекiтiлген штат жөніндегі

      санының лимиттерi агенттігі

      шегiнде 186 бiрлiк

      көлемiнде ұстау.

      002 Аумақтық Қазақстан Респуб. жыл Қазақстан

      органдардың ликасының Статистика Республика.

      аппараттары жөнiндегi агенттiгінiң сының

      аумақтық бөлiмшелерiн Статистика

      бекiтiлген штат жөніндегі

      санының лимиттерi агенттігі

      шегiнде 371 бiрлік

      көлемiнде және ауыл.

      дық округтердегi

      статистиктердi 2319

      бiрлiк көлемiнде

      ұстау

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақытында орындалуы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2002 жылғы 29 желтоқсандағы

      N 1429 қаулысына

      631 қосымша

      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың білiктілiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 4019 мың теңге (төрт миллион он тоғыз мың теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы ; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгінiң кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 қаңтардағы N 19 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетілдiру үшiн қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптік қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгiн және дағдысын жаңарту.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыру.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдар.!(кіші бағдарлама.! асыру !орындаушылар

      !ла. !дар.!ламаның) !ны) іске асыру !мерзім.!

      !ма. !ла. !атауы !жөніндегі ! дері !

      !ның !ма. ! !іс-шаралар ! !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 010 Кадрлардың Бекiтiлген бiлiк. жыл Қазақстан

      бiлiктiлiгiн тiлiгiн арттыру бойына Республикасы.

      арттыру және жоспарына сәйкес ның

      оларды қайта мемлекеттiк Статистика

      даярлау қызметшiлердiң жөніндегі

      005 Мемлекеттiк білiктілiгiн агенттігі

      қызметшiлердiң арттыру бойынша

      бiлiктiлiгiн көрсетілетін

      арттыру қызметтердi сатып

      алу, соның iшiнде

      мемлекеттiк тiлге

      оқыту. Бiлiктiлiгiн

      арттыру курсынан

      өтетiн мемлекеттiк

      қызметшілердiң орташа

      жылдық саны 161.

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға және мемлекеттің ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіптiк мемлекеттік қызмет талаптарына жауап беретiн мемлекеттiк қызметшілерді сапалы оқытудың үйлесiмдi жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолымен мемлекеттік қызметшілердiң кәсiптiк деңгейiн арттыру.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2002 жылғы 29 желтоқсандағы

      N 1429 қаулысына

      632 қосымша

      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2003 жылға арналған 031 "Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасын құру"

      республикалық бюджеттік бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 1112483 мың теңге (бiр миллиард жүз он екi миллион төрт жүз сексен үш мың теңге).

      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы 1180 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы N 577 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегі комитетінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi N 910 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгi Ақпараттық-баспа орталығы" "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 479 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық, экологиялық дамуы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базаларын құру және осы деректер негiзiнде пайдаланушыларды жедел әрі дұрыс статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: статистикалық есептiлiк және сұрақтама бланкiлерiн дайындау, көбейту және тарату, статистикалық есептілікті электрондық тасымалдаушыларға енгiзу, статистикалық деректердi аймақтық және республикалық деңгейде өңдеу, сапасын бақылау және жіберу; ақпараттық-статистикалық деректер базасын қалыптастыру; дайындалған ақпаратты алу; оны электрондық түрде және жарияланым түрiнде тарату.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдар.!(кіші бағдарлама.! асыру !орындаушылар

      !ла. !дар.!ламаның) !ны) іске асыру !мерзім.!

      !ма. !ла. !атауы !жөніндегі ! дері !

      !ның !ма. ! !іс-шаралар ! !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 031 Республиканың

      әлеуметтiк-

      экономикалық

      жағдайы туралы

      ақпараттық-

      статистикалық

      деректер

      базасын құру

      030 Ақпараттық- Орталықтарды жыл Қазақстан

      статистикалық бекiтiлген бойына Республикасы.

      орталықтар штат санының ның

      лимиттерi шегiнде Статистика

      2750 бiрлiк көлемiн. жөніндегі

      де ұстау, соның агенттігі

      iшiнде қызметiне

      ақы төлеу: жаппай

      есепке алу мен

      iрiктеп зерттеудi

      үйлестiру негiзiнде

      статистикалық есеп.

      тiлiктi табыстау

      схемасын жетiлдiру;

      статистиканың барлық

      салаларында iрiктеп

      зерттеудi жүргізудiң

      әдiстемесiн енгiзу;

      зерттеулер жүргiзу;

      031 Статистикалық Қызметке (жұмысқа жыл Қазақстан

      деректердi ақы төлеу): бойына Республикасы.

      жинау және статистиканың барлық ның

      өңдеу салалары бойынша Статистика

      аумақтық органдардан жөніндегі

      ақпарат жинау және агенттігі

      республикалық деңгейде

      өңдеу бойынша; ста.

      тистиканың барлық

      салалары бойынша

      ақпараттық-статисти.

      калық деректер базасын

      құру бойынша (200);

      032 Статистикалық Қызметке (жұмысқа жыл Қазақстан

      ақпаратты және ақы төлеу): бойына Республика.

      статистикалық статистикалық дерек. сының

      есептiлiк тердi пайдаланушылардың Статистика

      нысандарын каталогын құру жөніндегі

      жариялау және бойынша; статистикалық агенттігі

      тарату деректердi дайындаудың

      және таратудың бiртұтас

      технологиясын орнату

      бойынша; Агенттiк

      жарияланымдарының:

      жинақтар, журналдар,

      жылнамалар - 39 атау-

      таралымы 400 дана,

      атаулары 260 салалық

      статбюллетеньдер -

      таралымы 160 дана

      кеңейтiлген сериясын

      әзiрлеу, бекіту және

      шығару бойынша; статис.

      тикалық анықтамалар

      құру жөнiндегi басқа

      eлдeр тәжiрибесiн

      зерделеу және пайда.

      лану бойынша; статис.

      тикалық деректердi

      жариялау және тарату

      жүйесiн жетiлдiру

      бойынша; статистикалық

      ақпараттарды электрон.

      дық және басқа тасы.

      малдаушылар мен байланыс

      құралдарында, соның

      iшiнде Интернетте де,

      тарату желiлерiн құру

      және кеңейту; статисти.

      калық есептiлiк нысан.

      дарының бланкiлерi мен

      нұсқаулықтарын 11,2 млн.

      дана жалпы таралым мен

      даярлау және дайындау

      бойынша.

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сапалы және белгiленген уақытта пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету, құру, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасын.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2002 жылғы 29 желтоқсандағы

      N 1429 қаулысына

      633 қосымша

      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2003 жылға арналған 500 "Мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу" республикалық бюджеттік бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 81000 мың теңге (сексен бiр миллион теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігінiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: статистика органдары ақпараттық жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, статистикалық есептiлiктi өңдеу мерзiмдерiн қысқарту, өңделетiн ақпараттар көлемiн ұлғайту.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Агенттiктiң барлық құрылымдық бөлiмшелерiнде, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарда жергiлікті есептеу желiсiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; есептеу техникасының барлық құралдарын орнату және техникалық қызмет көрсету; статистикалық есептiлiк деректерiн өңдеудiң қазiргi заманғы ақпараттық технологияларын енгiзу; статистикалық деректер базасын жобалау, енгiзу және жүргiзу, телекоммуникациялық арналар арқылы статистикалық деректердi қабылдау және жiберудi қамтамасыз ету.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдар.!(кіші бағдарлама.! асыру !орындаушылар

      !ла. !дар.!ламаның) !ны) іске асыру !мерзім.!

      !ма. !ла. !атауы !жөніндегі ! дері !

      !ның !ма. ! !іс-шаралар ! !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 500 Мемлекеттiк

      статистика

      органдарының

      ақпараттық

      жүйелерiн

      сүйемелдеу

      030 Мемлекеттік Мына бағыттағы жыл Қазақстан

      статистика қызметтерді (жұмыс. бойына Республика.

      органдарының тарды) орындау: сының

      ақпараттық қызметтердi жыл Статистика

      жүйесiне сайынғы Статистика. жөніндегі

      ақпараттық- лық жұмыстар жоспарына агенттігі

      техникалық сәйкес жиналатын

      қызмет көр. статистикалық

      сету және ақпараттарды өңдеудiң

      сүйемелдеу 190-нан кем емес

      бағдарламалық кешенiн

      әзiрлеу, енгiзу және

      қамтамасыз ету;

      республикалық деңгейде

      (450-ден артық жұмыс

      орны), аймақтық деңгейде

      (2000-нан артық жұмыс

      орны) базалық бағдар.

      ламалық қамтамасыз ету,

      жергілікті есептеу желi.

      лерiн (17 бiрлiк)

      әкімшіліктендiру;

      компьютерлік жабдықтарға

      техникалық қызмет көрсету

      (2300-ден артық дербес

      компьютерлер, 60 сервер,

      650 лазерлiк және 800

      матрицалық принтерлер,

      250 бiрлiк желiлiк

      жабдықтар); Агенттiктiң

      деректер жіберу желiсiн

      ұстау (191 статистиканың

      аудандық бөлiмi, 16

      облыстық басқармалар,

      1 орталық тoрап)

      ------------------------------------------------------------------

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сапалы және белгіленген уақытқа статистика органдары ақпараттық жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, есептеу техникалары мен желiлердiң құралдарын техникалық қамтамасыз ету, қазiргі заманғы ақпараттық технологияны енгiзу, статистикалық өндірістiң барлық кезеңдерiн қамтамасыз ету, Агенттiктiң деректер беру желiсiнiң "аудан-облыс-орталық" схемасы бойынша жұмыс iстеуi

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2002 жылғы 29 желтоқсандағы

      N 1429 қаулысына

      634 қосымша

      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      2003 жылға арналған 600 "Мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн құру" республикалық бюджеттiк бағдарламаның

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 35000 мың теңге (отыз бес миллион теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 қаулысы .

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйесiн республикалық және аймақтық деңгейде күшейту.

      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: статистиканың аймақтық бөлiмшелерiнiң техникалық жарақтану дәрежесiн көтеру және қолда бар жергiлiктi есептеу желiлерiн жаңғырту: Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң корпорациялық желiсi құрамында ұжымдық кiру мүмкіндігі бар жоғары өнімді серверлік орталық құру; республикалық деңгейде статистикалық деректер базасын мамандандырылған сақтау орнын құру; деректер алмасудың жоғары жылдамдығы мен сенiмділігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу үшін негіз құру.

      6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары:

      ------------------------------------------------------------------

      р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты

      N !дар.!бағ.!(кіші бағдар.!(кіші бағдарлама.! асыру !орындаушылар

      !ла. !дар.!ламаның) !ны) іске асыру !мерзім.!

      !ма. !ла. !атауы !жөніндегі ! дері !

      !ның !ма. ! !іс-шаралар ! !

      !коды!ның ! ! ! !

      ! !коды! ! ! !

      ------------------------------------------------------------------

      1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7

      ------------------------------------------------------------------

      1 600 Мемлекеттiк Статистиканың жыл Қазақстан

      статистика облыстық басқарма. бойына Республика.

      органдарының ларында 230 дана сының

      ақпараттық дербес компьютерлер; Статистика

      жүйелерiн есептеу желiлерiн жөніндегі

      құру кеңейту және жаңғырту агенттігі

      үшiн активтi және

      пассивтi желiлiк

      жабдықтар жинақталы.

      мын (16 данадан кем

      емес концентратор,

      9700 метр кабель),

      80 дана дербес лазер.

      лiк принтерлер сатып

      алу және орнату.

      ------------------------------------------------------------------

      . Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: статистиканың аймақтық бөлiмшелерiн техникалық қосымша жарақтандыру статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеудiң жаңа технологияларын енгiзуге мүмкiндiк бередi, бөлiнген деректер базасын енгiзу мүмкiн болады, дербес компьютерлермен жарақтану көтерiледi, облыстық басқармалардың жергiлiктi желiсiне статақпараттар өңделетiн барлық жұмыс орындары қосылатын болады, қуатты сервердi iске қосу Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң есептеу ресурстарын едәуір арттырады, статистикалық деректердi өңдеудiң ең жоғары жылдамдығын, деректер базаларын басқару жүйесiнiң реляциялық моделiн жүзеге асыру және оларды қорғау мүмкіндігін қамтамасыз етеді; желінің өткізу қабілеті өседі, деректерді табыстау жылдамдығы 1 Гбит/с-ны құрайды.

      Тұтастай алғанда, техникалық жарақтану деңгейі жедел статистиканы табыстау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді және ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсартуға оң әсер етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады