Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
441-қосымшаға
сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
441-ҚОСЫМША
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн
қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
172551 мың теңге (бiр жүз жетпiс екi миллион бес жүз елу бiр мың теңге)
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi:
республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты:
Республиканың бүкiл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тiкелей қолданылуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:
адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай, қазiргi экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық сараптау жүргізу; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру; дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешу; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарау; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау; соттардың заңды немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіні Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтініштерін қарау; Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды жіберу; конституциялық құрылыс процесінде тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен және шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен одан әрі ынтымақтасу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
3 |
|
007 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі мынадай бес тақырып бойынша қызметтер сатып алу:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
4 |
|
009 |
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Қазақстан Республикасы конституциялық Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық жабдықтау. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
5 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету |
Есептеу техникасын сатып алу - ақпан.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау;
2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету, 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже:
Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету;
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 66,0 мың теңге;
2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 46,7 мың теңге;
3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы:
1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау;
2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту;
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.