Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
404
,
405
,
406
,
407
,
408
,
409-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
404-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикаcы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты әдет-ғұрыптарды орындауға қатысу"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
2251247 мың теңге (екі миллиард екі жүз елу бір миллион екі жүз қырық жеті мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2.
Бюджеттік
бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы
Заңы
; "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1428
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 201
Жарлығы
; "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304
Жарлығы
; "Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 қазандағы N 352
Өкімі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: мемлекет Басшысының және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
р/с
|
Бағ-
|
Кіші бағ-
|
Бағдарламаның (кіші бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзі-
|
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты
|
|
|
|
2 |
|
008 |
Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыс-
|
Республикалық ұлан-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
3 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу-
|
Жұмсалатын матери-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
4 |
|
100 |
Орталық аппарат |
62 бірлік санында-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
5 |
|
101 |
Әскери бөлімдер |
1634 бірлік санын-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
6 |
|
102 |
Әскери және өзге техника-
|
Бөлімшелерді үнемі жауынгерлік әзір-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже:
күзетілетін адамдардың саны - 8 адамға дейін;
күзетілетін объектілердің саны - 10;
өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95.
Ақырғы нәтиже:
күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;
күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;
протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз;
қару-жарақпен қамтамасыз етілуі - 75 пайыз;
әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі - 70 пайыз;
технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі - 25 пайыз.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2516 мың теңге;
мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 1121 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы.
Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына "қанағаттанған" күзетілетін адамдар - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
405-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Республикалық ұлан объектілерін салу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
430705 мың теңге (төрт жүз отыз миллион жеті жүз бес мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының
12-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
р/с
|
Бағ-
|
Кіші бағ-
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Республика-
|
Заңнамамен белгі-
|
Қаңтар- желтоқсан |
Қазақстан Республи-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін
нәтижелер
: Тікелей нәтиже: Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беру.
Ақырғы нәтиже: Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін дамыту.
Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
406-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
70557 мың теңге (жетпіс миллион бес жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының
13-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с
|
Бағдар- лама коды |
Кіші бағ-
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Әскери қызметші-
|
54 бірлік санындағы штат есебінде
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 6500.
Ақырғы нәтиже:
әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 1,1 мың теңге;
1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс - 1220 мың теңге.
Уақтылығы:
тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз;
уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз;
Сапасы:
сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
407-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
2471 мың теңге (екі миллион төрт жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының
15-бабы
, "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының
8-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның
мақсаты:
жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау.
5. Бюджеттік
бағдарламаның міндеттері:
жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с
|
Бағ-
|
Кіші бағ-
|
Бағдарлама-
|
Бағдарла-
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау |
Республикалық ұланның офи-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 2 адам;
оқуын жалғастырып жатқан әскери қызметшілердің саны - 5 адам.
Ақырғы нәтиже:
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 23;
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 15;
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 8.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 494 мың теңге.
Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы.
Сапасы:
оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз;
Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
408-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
99515 мың теңге (тоқсан тоғыз миллион бес жүз он бес мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының
12-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с
|
Бағ-
|
Кіші бағдар- лама коды |
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
005 |
|
Әскери қызметші-
|
"Әскери қызмет-
|
Қаңтар-
|
Қазақстан Республи-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
тұрғын үй алған адамдардың саны - 6.
Ақырғы нәтиже:
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (359 мұқтаждардың ішінен 6 әскери қызметші) - 1,7 пайыз.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 282 196 теңге.
1 пәтердің орташа құны - 16 667 мың теңге.
Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі.
Сапасы:
сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
409-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес" деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
54890 мың теңге (елу төрт миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Экстремизмге қарсы тұру туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу.
6. Бюджеттік
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с
|
Бағ-
|
Кіші бағдар-лама коды |
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
110 |
|
Терроризм-
|
Қысқа толқын-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Күзетілетін объектілердің саны - 10.
Ақырғы нәтиже:
күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге.
Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы:
"қанағаттанарлық" және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.