Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 233-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
      Осы Заң Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiгiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын белгiлейдi.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда, мәтiндегi "Жарлық", "Жарлықта", "Жарлықпен" "Жарлықты", "Жарлыққа", "Жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңда", "Заңмен", "Заңды", "Заңға", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

  1 ТАРАУ. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы

      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi – Республикалық ұлан) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін күштерге жататын және өз құзыретi шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
      Республикалық ұлан мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атауы, мөрлерi, мөртабандары, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шоттары болады.
      Республикалық ұлан әскери құрама болып табылады.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан
              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      3-бап. Республикалық ұлан қызметiнiң принциптерi

      1. Республикалық ұланның қызметi заңдылық, дара басшылық, жариялылық, басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Республикалық ұланның мiндеттерi

      1. Республикалық ұланның мiндеттерi мыналар:
      1) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысу;
      2) дәстүрлiк рәсiмдердiң орындалуына қатысу; 
      3) аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн үйлердi, ғимараттарды және қызметтiк жайларды күзету;
      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының эталондарын күзету;
      5) әскери және төтенше жағдай режимi кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен iс-шараларды жүзеге асыру.
      2. Республикалық ұланның өзге мiндеттерiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеуi мүмкiн.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

2 ТАРАУ. Республикалық ұланның құрылымы,
саны және онда қызмет атқару

      5-бап. Республикалық ұланның құрылымы мен саны

      1. Республикалық ұлан құрамалардан, бөлiмдерден, бөлiмшелер мен қамтамасыз ету органдарынан тұрады.
      2. Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен санын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.06.26 № 234 Заңымен.

      6-бап. Республикалық ұланның кадрлары

      1. Республикалық ұланның кадрлары әскери қызметшілер мен қызметкерлерден тұрады.
      2. Республикалық ұланда қызмет өткеретiн әскери қызметшiлерге, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет өткеру тәртiбiн реттейтiн заңдардың күшi қолданылады. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi арнайы тексеруден өтедi.
      3. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң әскери атақтары, айырым белгiлерi және олар үшiн белгiленген киiм үлгiсi болады.
      4. Республикалық ұлан қызметкерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516, 2007.05.15 № 253 Заңдарымен.

      7-бап. Республикалық ұланды жасақтау

      1. Республикалық ұлан:
      1) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтардың;
      2) ерiктi негiзде келiсiм-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қызметкерлерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары әскери қызметшiлерiнiң;
      3) запастан шақырылған әскери қызметшiлердiң арасынан жасақталады.
      2. Азаматтарды Республикалық ұланға мерзiмдi әскери қызметке шақыруды Республикалық ұланға қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.
      3. Республикалық ұланға мерзiмдi әскери қызметтегi қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.07.10 № 338, 2004.01.08 № 516 Заңдарымен.

      8-бап. Республикалық ұлан үшiн кадрлар даярлау

      1. Республикалық ұлан үшiн офицерлер даярлауды Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердiң жоғары оқу және әскери-оқу орындары жүзеге асырады.
      2. Республикалық ұлан үшiн сержанттарды (старшиналарды) және маман солдаттарды даярлау Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының бөлiмшелерiнде және Қарулы Күштерiнiң оқу орындарында жүзеге асырылады.
      3. Республикалық ұланның офицерлiк құрамының кәсiптiк деңгейiн көтеру оқу және әскери-оқу орындарының факультеттерiнде, кафедралары мен курстарында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516, 2007.05.22 № 255 Заңдарымен.

      9-бап. Республикалық ұландағы әскери атақтар, киiм
              үлгiсi мен айырым белгiлерi

      1. Республикалық ұланның офицерлерiне олардың атқаратын лауазымдары бойынша әскери атақтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде осыларға ұқсас лауазымдар бойынша көзделген әскери атақтардан бiр саты жоғары тағайындалады.
      2. Республикалық ұланның туы, нышаны, айырым белгiлерi және нысанды киiмi болады, олардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

3 ТАРАУ. Республикалық ұланның мiндеттерi мен құқықтары

      10-бап. Республикалық ұланның мiндеттерi

      Республикалық ұланға мынадай негiзгi мiндеттер:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, экс-президенттерi мен олардың отбасыларының және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарының, сондай-ақ шет елдердiң мемлекет, үкiмет басшылары және халықаралық ұйымдар басшылары Қазақстан Республикасының аумағында болған кезеңiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi, сондай-ақ күзетiлетiн тұлғалардың болуы үшiн бөлiнген үйлердi, құрылыстарды, ғимараттар мен оған iргелес жатқан аумақтар мен су айдындарын, әуе кемелерiн, жер бетiндегi көлiктi және су көлiгiн, олардың тұрған жерлерiн күзету;
      3) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының эталондарын күзету;
      5) хаттамалық iс-шараларды өткiзу кезiнде, Қазақстан Республикасының мерекелерi мен салтанаттарында дәстүрлiк рәсiмдердiң атқарылуына қатысу;
      6) әскери және төтенше жағдай режимi кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен iс-шараларды жүзеге асыру жүктеледi.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.01.08 № 516, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

      11-бап. Республикалық ұланның құқықтары

      1. Республикалық ұланға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде:
      1) Республикалық ұланға өз мiндеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiрген адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерiн тоқтатуды талап ету, талабы орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген шараларды қолдану;
      2) азаматтар мен лауазымды адамдарды күзетiлетiн объектiлерге өткiзу кезiнде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру;
      3) күзетiлетiн адамдарға немесе күзетiлетiн объектiлерге қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасаған адамдарды ұстау, кейiннен оларды құқық қорғау органдарының қолына беру;
      4) күзетiлетiн объектiлердегi көлiк құралдары мен жүктерге тексеру жүргiзу;
      4-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану;
      5) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiпке сәйкес қаруды, жауынгерлiк техника мен арнайы құралдарды қолдану;
      6) төтенше жағдай тұсындағы мiндеттерiн орындау кезiнде телекоммуникациялық желiлердi пайдалану;
      7) қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен қару-жарақ, арнайы құралдар мен техника алу;
      8) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      9) Республикалық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртiбi мен нормаларын айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу құқығы берiледi.
      2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде табельдiк қаруы мен арнайы құралдарды сақтауға және алып жүруге құқығы бар.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

4 ТАРАУ. Республикалық ұланның Қолбасшылығы

      Ескерту. 4-тараудың атауы өзгердi - ҚР 1998.06.26 № 234 Заңымен.

      12-бап. Республикалық ұланның Қолбасшысы

      1. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланға тiкелей басшылықты жүзеге асырады, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      2. Республикалық ұланның Қолбасшысы:
      1) Республикалық ұланды тұрақты жауынгерлiк әзiрлiкте ұстайды;
      2) Республикалық ұланның қызмет бабындағы жауынгерлiк iсiне, оперативтiк және жауынгерлiк даярлығына басшылық етедi;
      3) Республикалық ұлан туралы ереженi, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен саны жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
      4) Республикалық ұланды әскери қызметшiлермен жасақтаудың жоспарын бекiтедi;
      5) Республикалық ұлан құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң және қамтамасыз ету органдарының штаттарын бекiтедi;
      6) құрама командирiнiң орынбасарына дейiнгi қызметтерге тағайындайды, Республикалық ұлан Қолбасшысының орынбасарлары және құрамалар командирлерi қызметтерiне тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;
      7) бастапқы офицер атағын және полковникке дейiнгi атақты қоса әскери атақтар бередi;
      8) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн запасқа және отставкаға шығарады;
      9) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсынады;
      10)
      11) бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, Республикалық ұланның жауынгерлiк және арнайы даярлығының жоспарларын, нұсқаулықтары мен ережелерiн, бағдарламаларын бекiтедi;
      12) мемлекеттiк органдарда Республикалық ұланнан өкiлдiк етедi;
      13) Республикалық ұланның Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
      14) қызмет құжаттамасына қол қояды.
      2.
      3. Республикалық ұланның Қолбасшысы Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдарында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында көзделген құқықтарды пайдаланады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.06.30 № 140, 1998.06.26 № 234, 2001.10.10 № 247, 2004.01.08 № 516 Заңдарымен.

      13-бап. Республикалық ұланның қолбасшылығы

      1. Республикалық ұланның Қолбасшылығын Республикалық ұланның Қолбасшысы басқарады. Қолбасшылық құрамына Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасары және орынбасары кiредi.
      Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасарын және орынбасарын Республикалық ұлан Қолбасшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      2. Республикалық ұлан қолбасшылығы:
      1) Республикалық ұланды ұдайы әскери әзiрлiкте ұстау жөнiндегi iс-шараларды талдап жасау және оның орындалуын ұйымдастыру;
      2) Республикалық ұланның өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы кезiнде қалыптасқан ахуал туралы мағлұматтар жинау мен талдау;
      3) Республикалық ұландағы жедел және жауынгерлiк даярлыққа, оқу-тәрбие процесiне басшылық жасау;
      4) Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк iсiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      5) әлеуметтiк-құқықтық жұмыс iс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
      6) кадрларды iрiктеу, орналастыру мен тәрбиелеудi жүзеге асыру;
      7) адам құрамын есепке алу мен бақылауды ұйымдастыру;
      8) материалдық құралдар қозғалысының есебiн жүргiзу және оларды заңда белгiленген тәртiппен есептен шығару жөнiндегi жұмысқа басшылық жасау мiндеттерiн атқаруға тиiс.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.06.26 № 234 Заңымен.

5 ТАРАУ. Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң
мәжбүр ету шараларын, арнайы құралдар, күш пен
қару қолдануы. Жауынгерлiк техниканы пайдалану

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      14-бап. Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң
               мәжбүр ету шараларын қолдануының шарттары
               мен шегi

      1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мәжбүр ету шараларын осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiпке сәйкес қолдануға құқылы.
      2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң жауынгерлiк техниканы, қару мен арнайы құралдарды қолданған жағдайлары туралы тиiстi командирлер прокуратура органдарын жиырма төрт сағат iшiнде хабардар етедi.
      3. Мәжбүр ету шараларын қолдану шегiнен асқан Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi заңда белгiленген ретпен жауапкершiлiкке тартылады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      15-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң
               арнайы құралдар мен күш қолдануы

      1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мынадай жағдайларда:
      1) күзетiлетiн адамдарға, әскери қызметшiлерге, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлер мен жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      2) Республикалық ұланның әскери қызметшiсiнiң өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрген қарсылықты тыйып тастау үшiн;
      3) атыс қаруы мен суық қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, химиялық және улы заттарды жандарында заңсыз ұстап, қарсылық көрсеткен адамдарды қарусыздандыру үшiн;
      4) Республикалық ұлан құрамалары орналасқан жерлерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      5) кепiлге алынған адамдарды құтқару, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды, көлiк құралдары мен жүктердi босату үшiн;
      6) жүргiзушiсi Республикалық ұланның әскери қызметшiсiнiң заңды талаптарын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн арнайы құралдар мен күш қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық байқалған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар адамдардың өмiрiне қатер төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен, топтасып немесе өзгедей шабуыл жасамаған жағдайларда, арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
      3. Арнайы құралдар тiзбесi мен Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң оларды қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      16-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң
               қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы

      1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң бейбiт уақытта қару мен жауынгерлiк техниканы тек мынадай айрықша жағдайларда ғана:
      1) күзетiлетiн адамдарды қылмысты қол сұғушылықтан қорғау үшiн;
      2) күзетiлетiн объектiлерге, қарауылға, ғимараттар мен арнаулы жүктерге, Республикалық ұлан құрамаларының орналасқан жерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге кiруге тырысқан әрекеттердi тыйып тастау үшiн;
      3) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау үстiнде көзге түскен адамдарды ұстау үшiн, қаруын тапсыру жөнiндегi талапты орындаудан бас тартқан адамдарды ұстау үшiн;
      4) кепiлге алынған адамдарды құтқару, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнаулы әскери жүктердi босату үшiн;
      5) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
      2. Атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы жарылыс қаупі бар қоймалар мен сақтау орындарының бағытында, бейсауат адамдар зардап шегуi мүмкiн сәттерде адамдар едәуiр топтасқан жерлерге қарай, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа уақыттарда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы қолдануға тыйым салынады.
      3. Қару мен жауынгерлiк техниканы қолданған кезде Республикалық ұланның әскери қызметшiсi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

6 ТАРАУ. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң
құқықтық жағдайы, әлеуметтiк қорғалуы және жауапкершiлiгi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08. № 516 Заңымен.

      17-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң
               құқықтық жағдайы

      1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаған кезде өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      3. Республикалық ұланның әскери қызметшiсiне оның жеке басы мен өкiлеттiктерiн растайтын қызмет куәлiгi берiледi.
      4. Төте және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де Республикалық ұланның әскери қызмет iсiне араласуға хақысы жоқ.
      5. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақы төленетiн қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органына немесе байқаушылар кеңесiне кiруге тыйым салынады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      18-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн
               әлеуметтiк қорғау

      1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне қосымша жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.06.19 № 134-I, 2004.01.08 № 516, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енеді), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-1-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне
                 ақшалай үлес

      Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.10.10 № 247 Заңымен.

      18-2-бап. Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң
                 жауапкершiлiгi

      Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны және заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Республикалық ұлан қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған командирге және (немесе) сотқа белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

7 ТАРАУ. Республикалық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      19-бап. Республикалық ұланды материалдық-техникалық
               қамтамасыз ету

      Республикалық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.22 № 327, 2004.01.08 № 516, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді) Заңдарымен.

      19-1-бап. Республикалық ұланды мұнай өнімдерімен
                 жабдықтау ерекшеліктері

      Республикалық ұлан мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
      Ескерту. 7-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8 ТАРАУ. Республикалық ұланның қызметiн бақылау мен қадағалау

      20-бап. Республикалық ұланның қызметiн бақылау

      1. Республикалық ұланның қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
      2. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның қызметi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне жыл сайын мағлұмат берiп отырады.
      3. Республикалық ұланның құрамаларында ведомстволық бақылауды Республикалық ұланның Қолбасшысы жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      21-бап. Республикалық ұланның қызметiн прокурорлық
               қадағалау

      Республикалық ұланда заңдардың, Республика Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiркелкi орындалуына қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.

      22-бап. Республикалық ұландағы қаржылық бақылау

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді) Заңымен.

9 ТАРАУ. Қорытынды және өтпелi ережелер

      Ескерту. 9-тарау алынып тасталды - ҚР 2004.01.08 № 516 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады