Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № 27-585қ қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 27-10-765қ қаулысының (2005 жылғы 25 қарашада № 419 болып Астна қаласының Әділет департаментінде тіркелген, 2005 жылғы 8 желтоқсанда "Астана хабары" газетінің № 179 және 2005 жылғы 24 желтоқсанда "Вечерняя Астана" газетінің №195-196 нөмірлерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      Әкім А. Мамин

  Астана қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 28 маусымдағы
№ 27-585қ қаулысымен
бекітілген
  Қосымша

Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің
Тізімі

Р/с

Объект

Объектінің атауы, авторы
 

Мерзімі

Мекен-жайы

Ескертпе

1.

1.

Көпес И.С. Силиннің үйі
(Қызыл гвардияның 2-ротасы, ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы, Қазақстан Республикасының астанасын көшіру жөніндегі комиссия штабы, Беларусь Республикасының елшілігі орналасқан).

ХІХ-ХХ ғ.басы, 1918 ж.,
1997-1998 жылдар
 

Кенесары к-сі, 35

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

2.

2.

ЕМБ отрядтары құрылған үй
(Қазақстан Компартиясының облыстық комитеті, 1-ші қалалық аурухана, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Астана қаласының соты).

1914 ж.,
1921 ж.
 

Ж. Омаров к-сі, 57

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

3.

3.

Теміржолшылар сарайы
(К. Бәйсейітова атындағы опера және балет театрының ғимараты).
Сәулетші – В. Калмыков.

1954 жыл
 

Ақжайық к-сі, 10

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі)

4.

4.

1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал және вокзал маңындағы алаң.
 

1954 жылғы
5 наурыз

310 - дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң
 

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

5.

5.

Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші.
Мүсінші – Ю.П. Буштурук.

1972 жылғы
5 қараша

Победа даңғылы, 116

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

6.

6.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ескерткіші
Мүсінші-В.Б. Пирожков.
 

1995 жыл
 

Победа даңғылы, 67,
Ұлттық музыка академиясы жанында

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

7.

7.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Сәулетшілер: Т.Сүлейменов, А.Кенжетаев, А.Ордабаев; мүсіншілер: А.Баярлин, Т.Мырзагелдин.

1997 жыл

"Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешенінің басты кіреберісінде

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.


      Археология ескерткіші

8.

1.

Бозоқ қалашығы.
 

Біздің дәуірдің Х-ХІІ ғасырлары

Есіл өзенінің сол жақ жағалауы Астана қаласының оңтүстік батысында Бұзықты көлінің шығыс жағалауында

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.


      Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

9.

1.

Константин және Елена шіркеуі.
 

1854,
1900 жылдар

Қорқыт к-сі, 12

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (Облыстық атқару комитетінің 1984 жылғы 30 қаңтардағы № 2/28 шешімі).

10.

2.

Қалалық басқарма ғимараты
(М. Горький атындағы Орыс драма театрының әкімшілік ғимараты)

ХІХ ғасырдың соңы

Желтоқсан к-сі, 11

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

11.

3.

Гимназия (қазір М. Горький атындағы Орыс драма театрының ғимараты) .

ХІХ ғасырдың соңы

Т. Бигелдинов к-сі, 72

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

12.

4.

Көпес Д.В. Егоровтың үйі
(Әскери комиссариат, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимараты).

ХІХ ғ.соңы
ХХ ғ. басы
 

М. Әуезов к-сі, 49

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

13.

5.

Көпес П.Г. Казанцевтің үйі
("Зорька" балалар бақшасы, С. Сейфуллин мұражайы) .

1846 жыл
 

М. Әуезов к-сі, 78

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (Облыстық атқару комитетінің 1984 жылғы 30 қаңтардағы № 2/28 шешімі).

14.

6.

Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі
(Орталық облыстық бухгалтерлік мектеп, С. Сейфуллин мұражайының әкімшілік ғимараты).

ХХ ғасырдың басы

М. Әуезов к-сі, 80

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (Облыстық атқару комитетінің 1984 жылғы 30 қаңтардағы № 2/28 шешімі).

15.

7.

Жасыл мешіттің дуалы.

1895 жыл

Абай даңғылы, 83

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

16.

8.

Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы
(онкодиспансер, "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамы).

1880 жыл

Ә. Жангелдин к-сі, 40

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (Облыстық атқару комитетінің 1984 жылғы 30 қаңтардағы № 2/28 шешімі).

17.

9.

Көпес С.А. Кубриннің үйі және жапсаржайы
(Уездік атқару комитеті, революциялық "үштік" штабы, тарихи-өлкетану мұражайы, Украина елшілігінің ғимараты).

1909 жыл
1920-1921 жылдар

М. Әуезов к-сі, 57
 

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

18.

10.

Көпес С.А. Кубриннің сауда үйі
("Радуга" дүкені, қазір -"Астана" дүкені).

1905-1907 жылдар

Кенесары к-сі, 37

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (Облыстық атқару комитетінің 1984 жылғы 30 қаңтардағы № 2/28 шешімі).

19.

11.

П.Г. Моисеевтің үйі
(гимназия, Уездік кеңес, РКП(б) Уездік комитеті, 3-қалалық аурухананың ғимараты).

1914-17 жылдар, 1918 ж.,
1921 ж.
 

Ә. Бөкейхан к-сі, 40

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

20.

12.

"Октябрь" кинотеатрының ғимараты
("Ақ сұңқар" мейрамхана-қонақ үй кешені).

ХХ ғасырдың басы
 

Абай даңғылы, 29

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

21.

13.

Пионерлер үйі
(Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК).

ХХ ғасырдың 60- жылдары

Бейбітшілік к-сі, 6

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

22.

14.

"Есіл" қонақ үйінің ғимараты
("Гранд парк Есіл" қонақ үйі).

1958-1960 жылдар

Бейбітшілік к-сі, 8

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (Облыстық атқару комитетінің 1984 жылғы 30 қаңтардағы № 2/28 шешімі).

23.

15.

Астана қаласы әкімдігінің ғимараты.
(Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы).

1958 жыл

Ж. Омаров к-сі, 60

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

24.

16.

Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің ғимараты

ХХ ғасырдың 50 жж.

Т. Бигелдинов к-сі, 74

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

25.

17.

"Жастар" сарайы (Жастар сарайы)
Сәулетшілер: А.Т. Полянский, К.В.Миронов, В.Ф.Тоскин;
Инженер: Ц.М.Нахутина.

1974 жыл
 

Республика даңғылы, 34

Жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауда (облыстық атқару комитетінің 1981 жылғы 26 наурыздағы № 6/194 шешімі).

26.

18.

Мұсылман жастарына арналған
Б. Қосшығұловтың мектебі
("Казкоммерцбанк" ғимараты).
 

ХІХ ғ. Соңы ХХ ғ. басы.

Абай даңғылы, 24

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

27.

19.

"Астана-Бәйтерек" монументалдық құрылысы. Сәулетшілер: А.Рүстембеков, С.Базарбаев, Ж.Айтболаев, А.Оспанов, конструктор: М.Вайнштейн.

2002 жыл
 

Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, 1

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

      Монументалды өнер ескерткіштері

28.

1.

Кенесары хан ескерткіші.
 

2001жылғы 11 мамыр

Ә. Бөкейхан және Интернациональная көшелерінің қиылысы

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

29.

2.

А.С. Пушкин ескерткіші
мүсінші А.Н. Ковальчук.

1999 жыл

А.Пушкин және Московская көшелерінің қиылысы

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

30.

3.

С. Сейфуллин ескерткіші
Мүсінші А.Баярлин,
Сәулетші О.Демірханов.

1994 жыл

С. Сейфуллин к-сі, 67

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.

31.

4.

"Астана" мүсіні.
Мүсінші А.Баярлин.

2002 жыл 26 маусым.

Ж. Тәшенов к-сі

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге ұсынылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады