Шектеу іс-шараларының немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін тоқтату таралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 15 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 4 қыркүйектегі №25 ұсынысы негізінде, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ етеді:

      1. Ақжар ауылдық округінің Қоңыр елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан шыққан сарып ауруларының ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.

      2. Ақжар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 04 маусымдағы "Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" Алакөл ауданының әділет басқармасында тіркеу тізіліміне 2012 жылдың 18 маусымында №2-5-177 нөмірімен еңгізілген, Алакөл аудандық "Алакөл" газетінің 2012 жылғы 06 шілдедегі 27 нөмірінде жарияланған №13 шешімінің күші жойылған.

      3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      Округ әкімі Т. Чинарбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады