Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 04 маусымдағы N 13 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 18 маусымда N 2-5-177 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 15 шешімімен

      Сноска. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 06.09.2012 № 15 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 18 мамырдағы N 13 ұсынысы негізінде, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақжар ауылдық округінің Қоңыр елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі:

Т. Чинарбек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады