Балқаш ауданы бойынша 1996 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-15 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561 "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымындағы №859 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі Ережесін бекіту туралы" Қаулысының талаптарына сәйкес, 1996 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне есепке алуды уақытында және сапалы жүргізу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2013 жылдың каңтар-наурыз айларында 1996 жылы туылған 17 жасқа толған, сонымен қатар шақыру участкелеріне әр түрлі себептермен есепке алынбаған жасы үлкен азаматтардың шақыру учаскелерінде есепке алу жүргізілсін.

      2. Селолық округ әкімдері 1996 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын есепке алынбаған, жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық есепке алуды шақыру комиссиясына уақытысында келулері қамтамасыз етілсін.

      3. "Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Оңғарбаев Талғат Күмісбекұлы) Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, мына мәселелер орындалсын (келісім бойынша).

      1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі белімшеге, әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетілсін, оларды жедел іздестіру мақсатында, әр селолық округінде ішкі істер бөлімі мен Қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерінен бақылау және іздестіру топтары құрылсын;

      2) 2013 жылы 5 қаңтарга дейін Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшесіне жасөспірімдердің ішкі істер органдарында есепте тұрган тізімі берілсін;

      3) комиссияның шақыру кезінде шақыру участкесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

      4. "Балқаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Өмірбаев Алпысбай Жандосұлы) тіркеу жүргізу кезіндегі көлік, телефон шығындарын төлеуді Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, жергілікті бюджет қаржы есебінен жүргізілсін.

      5. "Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Мұратбаев Ринат Алмасұлы) Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, мына мәселелердің орындалуы қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).

      1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шаралар әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкер қатыстырылсын;

      2) 2013 жылы 5 қаңтарға дейін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1996 жылы туылған жастарға ауырып жатқан жастардың жабыстыру парағы бар медициналық картасын, жүйке аурулары, туберкулез, тері аурулары, жұқпалы аурулар, (СПИД), трахома, демалу органдары, созылмалы ауыратын диспансерлік есепте тұрған азаматтардың ауру тарихтарының көшірмесі, дәрігерлік тексерулердің және диспансерлік қарудың анықтамалары, азаматтардың денсаулық жағдайы жазылған анықтамалардың тізімі тапсырылсын;

      3) тіркеудің алдында ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын.

      6. Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (Құтпанбетов Азат Үкітайұлы) тізімге алу пунктіне 2013 жылдың 7 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыскерлер есебінен 4 жұмыскер бөлсін.

      1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек болған 1996 жылы туылған азаматтар туралы мәліметтердің тізімі берілсін;

      7. Балқаш аудандық білім бөлімі (Нұрпейісова Назым Омарханқызы) тіркеуге алу кезінде:

      1) 1996 жылы туылған жастар арасынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы әскери техникалық мектепке оқу ұйымдарында әскери-техникалық мамандарды дайындауға жіберу үшін үміткерлерді, әскери оқу орындарына түскісі келген тұлғалар анықталсын;

      2) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;

      8. "Балқаш ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Сарқытбек Ұлан Сарқытбекұлы) осы қаулының орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу қортындысы туралы аудан әкіміне 2013 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырылсын (келісім бойынша).

      9. Балқаш ауданы әкімінің 2012 жылғы 2 ақпандагы "1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 10 ақпанда № 2-6-90 болып енгізіліп, аудандық "Балқаш өңірі" газетіне 2011 жылдың 31 желтоқсанында № 53 (7377) жарияланған) № 2-4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Көшкімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады