Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылы Абай көшесінде ветеринариялық режимді алу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Лебяжі ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 2-19/349 ұсынысы негізінде, Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының Абай көшесінде ауыл шаруашылық жануарларының құтыру ауруын алдын алу бойынша барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Қызыләскер ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының Абай көшесіндегі ветеринариялық режим алынсын.
      2. Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 8 мамырдағы "Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының Абай көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3537 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымда "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 22/100 санында жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Ауылдық округ
      әкімінің міндетін атқарушы А. Кумпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады