Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттiк бас ветеринариялық инспекторының ұсынысы негiзiнде Қызыләскер ауылдық округi әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1. Малдардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Қызыләскер ауылдық округiнiң Черное ауылындағы Абай көшесiнде шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қызыләскер ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Пұсырханов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | Г. Сагалов |