Шектеу іс-шараларының немесе карантин аймағының ветеринариялық режимін тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңының 10-1 бабының 8 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес және Ақсу аудандық инспексияның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 246 ұсыныс негізінде,Қарасу ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауылдық округінің Еңбек ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруына қарсы сауықтыру шараларының аяқталуына байланысты ветераниралық режимі алынсын.

      2. Қарасу ауылдық округі әкімінң 2014 жылғы 19 маусымдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Алматы облысы әділет департаментіне тіреку тізіліміне 2014 жылдың 22 шілдедегі № 2778 нөмерімен енгізілген, Ақсу аудандық "Ақсу өңірі"газетінің 2014 жылғы 16 тамыздағы № 33 нөмеріде жариаланған шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.

      Округ әкімі Т. Арғынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады