Талғар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі "Талғар ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы" № 16-80 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 тамыздағы № 34-199 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талғар аудандық мәслихатының 2013 жылы 10 сәуірдегі "Талғар ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы" (2013 жылғы 17 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2358 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 25 мамырда № 21 (4056), 2013 жылғы 01 маусымда № 22 (4057) аудандық "Талғар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Е. Бегімбетов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Теберіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады