Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулылары туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 154 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес:
      1) Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін;
      2) Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын;
      3) Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№154 қаулысына 1 қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы №11 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тармақшасы төмендегідей жаңа редақцияда жазылсын:
      "1) Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (№1 қосымша);".
      2. "Облыстық ономастика комиссиясын құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №80 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
      3. "Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен щикізаттың құнын өтеу жөніндегі арнайы комиссия құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №80 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-тармағы алып тасталсын.

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№154 қаулысына 2 қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №396 қаулысы.
      2. "Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №396 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі №239 қаулысы.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №60 қаулысы;
      4. "Мемлекеттік коммуналдық су шаруашылығы кәсіпорыны басшысының біліктілік талаптарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №80 қаулысы.

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№154 қаулысына 3 қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалға беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 02 қыркүйектегі №235 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №1754 болып тіркелген, 2010 жылдың 9 қазанында №179 (17 233) "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      2. "Жамбыл облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастытыруын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы №323 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №1839 болып тіркелген, 2012 жылдың 17 қарашасында №148-149 (17 665-17 666) "Ақ жол" және №133-134 (17 693-17 694) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған).
      3. "Коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №346 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №1874 болып тіркелген, 2013 жылдың 19 қаңтарында №6 "Ақ жол" және 2013 жылдың 17 қаңтарында №5 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған).
      4. "Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №434 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №1880 болып тіркелген, 2013 жылдың 31 қаңтарында №11 "Ақ жол" және № 11 "Знамя труда" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады