Күршім ауданының Абай ауылдық округінің Бурабай ауылына қарасты "Центральный" учаскесінде шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 03 шешімі

       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 28 қазандағы №799 ұсынысына сәйкес, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Абай ауылдық округінің Бурабай ауылына қарасты "Центральный" учаскесінде ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Абай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 мамырдағы "Күршім ауданының Абай ауылдық округінің Абай ауылына қарасты "Центральный" учаскесінде шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 10 маусым № 3373 болып тіркелген) № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Абай ауылдық округінің әкімі Н.Сулейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады