Күршім ауданының Абай ауылдық округінің Бурабай ауылына қарасты "Центральный" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 мамырдағы N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 маусымда N 3373 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 29.10.2014 № 03 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес,Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 329 ұсынысы негізінде, Абай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Абайауылдық округінің Бурабай ауылына қарасты "Центральный" учаскесінде ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Күршім ауданының Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – ветеринары Б. Аманжоловқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауылдық округінің әкімі Н.Сулейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады