Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының кұші жойылды деп тану және жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № А-8/372 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жойылсын.
      3. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 04 тамыздағы
№ А-8/372 қаулысына 
1-қосымша       

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/98 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4136 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 мамырда жарияланған);
      2. «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № А-3/106 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4162 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 14 маусымда жарияланған);
      3. «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № А-4/157 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4220 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 3 шілдеде жарияланған);
      4. «Субсидиялардың көлемін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-7/311 қаулысы;
      5. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № А-6/315 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4326 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған);
      6. «Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № А-4/157 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № А-7/347 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4341 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған);
      7. «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № А-3/106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № А-11/574 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4556 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған).

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 04 тамыздағы
№ А-8/372 қаулысына  
2-қосымша        

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № А-6/268 қаулысы;
      2.«Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/271 қаулысы;
      3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/272 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады