«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, заң күшіндегі нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № а-8/328 «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» қаулысы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелді (2014 жылғы 29 тамызда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланды) ескіргені ретінде күші жойылғандығы танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Никишов