Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу) Қағидасын бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әділет Департаментінде 2014 жылғы 2 қазандағы №4379 тіркелген, Астрахан ауданы әкімдігінің "Аудандық коммуналдық мүліктімүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы"2014 жылғы 2 қыркүйектегі №294 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |