"Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № А-11/407 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № А-7/180 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1 «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № А-11/407 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4513 тіркелген, «Жарқайың тынысы» аудандық газетінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Д.Ә.Шәкіровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады