«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № а-12/775 «Бурабай ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4536 болып тіркелген, 2015 жылдың 15 қаңтардағы «Луч» және «Бурабай» газеттерінде жарияланған) қаулысын күшін жоғалтты деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т.Ташмағамбетов