"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 161 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Казақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 927 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 161 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9344 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 21 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                           Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері
      және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің төрағасы
      _________________ Қ.Қожамжаров
      2015 жылғы 20.11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады