Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 наурыздағы № 107 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Алаты облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айкындау туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы №347 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментімен 2012 жылы 20 шілдеде №2204 болып тіркелген, "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде 2012 жылы 11 желтоқсанда №139 жарияланған);
      2) "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айқындау туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №190 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментімен 212 жылы 20 шілдеде №2099 болып тіркелген, "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде 2013 жылы 31 шілдеде №85 жарияланған);
      3) "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айқындау туралы" №347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы №134 қаулысы (Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 12 маусымда №2374 болып тіркелген, "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде 2013 жылы 27 маусымда №77 жарияланған).
      2. "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж. Омаров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және аталған қаулыны жариялау үшін ресми және мерзімді басылымдарға жолдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С.Дүйсембіновке жүктелсін.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады