Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айқындау туралы" N 347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы N 134 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 12 маусымда N 2374 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 наурыздағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 03.03.2015 № 107 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 288-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын айқындау туралы" N 347 қаулысына (Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қарашада N 2204 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 11 желтоқсанда N 139 "Жетісу", 2012 жылғы 11 желтоқсанда N 139 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қосымша:

Әймен ауылы
ауылдың оңтүстік-батыс жағынан 1000 метр қашықта
1,0

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Қарасай ауылы
ауылдың солтүстік жағынан 1150 метр қашықта
1,3
Ақдала ауылы
ауылдың солтүстік жағынан 2000 метр қашықта
3,0

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

Іле ауданы
 
 
Жетіген ауылдық округі
 
 
Жетіген ауылы
ауылдың оңтүстік-батыс жағынан 5000 метр қашықта
15,0
"Марат" ӨК
Еңбекші ауылдың шығыс жағынан 1250 метр қашықта
9,72

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

Қайнар ауылдық округі
 
 
Жалғамыс ауылы
ауылдың батыс жағынан 2800 метр қашықта
16,4

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшiне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облысының
      әкімі А. Мұсаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады