Іле аудандық мәслихаты шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 47-223 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің (шешімдер) күші қосымшаға сәйкес жойылсын.

      2. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін күшіне енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ғ. Нәдірбекова
      Аудандық мәслихат хатшысы Е. Тұрымбетов

  Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 47-223 шешіміне қосымша

Іле аудандық мәслихатының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің (шешімдер) ТІЗІМІ

      1. Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 28 сәуірдегі "Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" № 25-79 шешімі (2005 жылғы 27 мамырда Іле аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-4 номерімен тіркелген, 2005 жылғы 24 маусымдағы № 27-28 (40-81) "Іле таңы" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 16 тамыздағы "Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 25-79, № 25-80, № 25-81, № 25-82 шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 28-102 шешімі (2005 жылы 31 қыркүйекте Іле аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-11 болып тіркелген, 2005 жылғы 19 қыркүйекте № 42 (40-95) "Іле таңы" газетінде басылған).

      3. Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешімі (2013 жылғы 30 желтоқсанда Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2539 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (4532-4533) "Іле таңы" газетінде жарияланған) шешімі.

      4. 2014 жылғы 10 ақпандағы "Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 28-130 шешімі (2014 жылы 21 ақпанда Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2592 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 11 (4542) "Іле таңы" газетінде жарияланған).

      5. 2014 жылғы 4 сәуірдегі "Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 30-143 шешімі (2014 жылы 14 сәуірде Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2657 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 18-19 (4549-4550) "Іле таңы" газетінде жарияланған).

      6. 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 32-149 шешімі (2014 жылы 16 мамырда Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2707 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 23 (4554) "Іле таңы" газетінде жарияланған).

      7. 2014 жылғы 05 тамыздағы "Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 36-174 шешімі (2014 жылы 15 тамызда Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2826 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 22 тамыздағы № 35 (4566) "Іле таңы" газетінде жарияланған).

      8. 2014 жылғы 15 қазандағы "Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 38-181 (2014 жылы 24 қазанда Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2881 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 31 қазандағы № 45 (4576), 2014 жылғы 7 қарашадағы № 46 (4577) "Іле таңы" газетінде жарияланған).

      9. 2014 жылғы 24 қарашадағы "Іле аудандық мәслихатының 2013 жылы 21 желтоқсандағы "Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 27-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 40-187 (2014 жылы 2 желтоқсанда Алматы облысының әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2932 номерімен тіркелген, 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 51 (4582) "Іле таңы" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады