Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 658 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 581 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10177 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 581 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11717 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 тамызда жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кадр қызметі департаменті (Г.А. Омарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады