"Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың міндетті түрде алыну мен жойылу Актілер формасын бекіту туралы" Қазақстан Реcпубликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 7-1/329 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың міндетті түрде алыну мен жойылу Актілер формасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2395 болып тіркелген, «Официальная газета» газетінің 2003 жылғы 19 шілдедегі № 29 (134) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады