"Жануарлар дүниесі oбъeктілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 18-04/323 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 18-3/852 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 2-4 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 18-04/323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10750 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 20 сәуірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрықтың кәшірмесін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастaп күшіне енеді.

      Министр                                           А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады