Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 15-04/634 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 601 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 31 қаңтардағы 6-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілер тізбесінің 58-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналардың:
      1) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а, 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7254 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 660-665 (27057) санында жарияланған));
      2) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 18-03/269 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 174 бірлескен бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7767 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) санында жарияланған));
      3) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 8/72 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 29/НҚ бірлескен бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9240 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 196 (28419) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Б.Ғ Рақымбеков):
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында осы бірлескен бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы                   Ұлттық экономика
      министрі министрі
      __________ А. Мамытбеков           _______________ Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады