Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 қазанда № 7254 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 15-04/634 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 601 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 601 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012.05.24 № 18-03/269 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.28 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012.05.24 № 18-03/269 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.28 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына жариялау.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы                  Экономикалық даму және сауда
      министрінің міндетін атқарушы     министрінің міндетін атқарушы
      ________________ М. Толыбаев      _______________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда 
министрінің м.а.       
2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313
бірлескен бұйрығына       
1-қосымша             

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік
бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.01.2014 № 8/72 және ҚР Өңірлік даму министрінің 10.02.2014 № 29/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Өлшемдер) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау субьектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілер қызметінің нәтижесінде, оның салдарының ауырлығын ескере отырып, малдардың тектік қорына немесе бағалы тұқымның жоғалуына зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар, асыл тұқымдық репродукторлар, асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлiк орталықтар, бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар, эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар.
      3. Бақылау субьектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу алғашқы бөлу кезінде – обьективті, кейінгі бөлу кезінде – субьективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
      Алғашқы бөлу кезінде бақылау субьектілері тәуекел дәрежесінің 3 түріне бөлінеді:
      жоғарғы тәуекел дәрежесіне – асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар жатқызылды;
      орташа тәуекел дәрежесіне – асыл тұқымдық орталықтар және дистрибьютерлік орталықтар жатқызылды;
      елеусіз тәуекел дәрежесіне – бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар жатқызылды.
      Бақылау субъектілерін кейінгі бөлу бар бұзушылықтарды ескере отырып, мынадай баллдарды бере отырып жүзеге асырылады:
      1) асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар үшін:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың (заңды тұлға үшін) жеке куәлік көшірмесінің (жеке тұлға үшін) болмауы – 5 балл;
      меншік құқығында материалдық-техникалық базаның бар екендігін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе ұзақ мерзімді кемінде бес жыл жалға алу немесе лизинг шарттарының болмауы – 5 балл;
      жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген сынақтан өткізілген немесе тұқымдары, типтері, кросстары жасалып жатқан малдармен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу жоспарының жоқтығы – 5 балл;
      мал өнімділігінің сандық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымдары мен түрлеріне арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі - 5 балл;
      мал өнімділігінің сапалық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымдары мен түрлеріне арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі - 5 балл;
      тұқымы сынақтан өткізілген асыл тұқымды малды, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын күтіп-ұстау және пайдалану шарттарын сақтамау (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) – 5 балл;
      уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды тиісінше жүргiзбеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi тиісті түрде ұсынбау - 5 балл;
      малдарды өзінің өнімділігі және ұрпағының сапасы бойынша (асыл тұқымдық зауыттар үшін) бағалауды жүргізбеу – 5 балл;
      асыл тұқымды малдарды бағалауды жүргізбеу – 5 балл;
      белгілі бір тұқымның сынақтан өткізілген зауыттық және бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтідегі зауыттық желідегі құндылығы жоғары малдарын өткізуді жүргізбеу (асыл тұқымдық зауыттар үшін) – 5 балл;
      малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстемеуі немесе болмауы (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) – 5 балл;
      тұқымы сынақтан өткізілген, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типті асыл тұқымды мал төлін, белгiлi бiр тұқымның зауыттық желiлері мен кросстарын бағытталған өсiрудiң болмауы (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) – 5 балл;
      асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желiлері мен типтерін өткізуді жүргізбеу (асыл тұқымдық шаруашылықтар үшін) – 5 балл;
      құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) арғы ата-тектік үйiрiн өткізуді жүргізбеу (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) – 5 балл;
      құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) ата-енелік үйiрiн өткізуді жүргізбеу (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) – 5 балл;
      асыл тұқымдық малдарды асыл тұқымдық куәліктерсіз өткізу – 5 балл;
      штатында тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болмауы – 5 балл;
      объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының болмауы – 5 балл;
      есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың болмауы – 5 балл;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың болмауы – 5 балл;
      2) асылдандырушы орталықтар үшін:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің* болмауы – 5 балл;
      жеке тұлға маманының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген сынақтан өткізілген немесе тұқымдары, типтері, кросстары жасалып жатқан малдармен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының болмауы – 5 балл;
      ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың жоқтығы – 5 балл;
      тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың жоқтығы – 5 балл;
      ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның жоқтығы – 5 балл;
      карантиндік үй-жайдың жоқтығы – 5 балл;
      изолятордың жоқтығы – 5 балл;
      зертханалық жабдықтардың жоқтығы – 5 балл;
      криогендiк жабдықтардың жоқтығы – 5 балл;
      жоғары өнiмдi асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің жоқтығы – 5 балл;
      асыл тұқымды малға ветеринариялық паспорттардың жоқтығы – 5 балл;
      тұқымдық малдарды өз өнімділігі бойынша бағалау жұмыстарын жүргізбеу – 5 балл;
      тұқымдық малдарды ұрпағының сапасы бойынша бағалау жұмыстарын жүргiзбеу – 5 балл;
      асыл тұқымды малдарды бағалауды өткізбеу – 5 балл;
      селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базада тіркелгенін растайтын жергілікті атқарушы органның анықтаманың жоқтығы – 5 балл;
      уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды тиісінше жүргiзбеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсынбау – 5 балл;
      асыл тұқымды өнімді (материалды) асыл тұқымдық куәлікті бермей өткізу – 5 балл;
      штатында тиісті мамандықтар бойынша мамандардың жоқтығы – 5 балл;
      объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 5 балл;
      есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың жоқтығы – 5 балл;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың жоқтығы – 5 балл;
      3) дистрибьютерлік орталық үшін:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің* жоқтығы – 3 балл;
      заңды тұлға маманының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген сынақтан өткізілген немесе тұқымдары, типтері, кросстары жасалып жатқан малдармен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының жоқтығы – 3 балл;
      стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайлардың жоқтығы – 3 балл;
      зертханалық жабдықтардың жоқтығы – 3 балл;
      криогендiк жабдықтардың жоқтығы – 3 балл;
      ұрпағының сапасы бойынша бағалаудан өтпеген тұқымдық малдардың ұрықтарын сатып алу және сақтау – 3 балл;
      ұрықтарды өткізуді жүргізбеу – 3 балл;
      асыл тұқымды өнімді (материалды) асыл тұқымдық куәлікті бермей сату – 3 балл;
      штатында тиісті мамандықтар бойынша мамандардың жоқтығы – 3 балл;
      уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды тиісінше жүргiзбеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсынбау – 3 балл;
      объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 3 балл;
      есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың жоқтығы – 3 балл;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың жоқтығы – 3 балл;
      4) бағалаушылар (сыныптаушылар) үшін:
      «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның жоқтығы – 3 балл;
      ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бағалау курстарынан өткендігі туралы сертификаттың жоқтығы – 3 балл;
      уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды тиісінше жүргiзбеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсынбау – 3 балл;
      селекциялық карточканы, асыл тұқымды малдың карточкасының немесе өткізілетін асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің жоқтығы – 3 балл;
      5) техник-ұрықтандырушылар үшін:
      «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология», немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың жоқтығы – 3 балл;
      ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың жоқтығы – 3 балл;
      зертханалық үй-жайдың жоқтығы – 3 балл;
      бақылау-өлшеу аспаптарының жоқтығы – 3 балл;
      құрал-саймандардың жоқтығы – 3 балл;
      криогендiк жабдықтардың жоқтығы – 3 балл;
      уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды тиісінше жүргiзбеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсынбау – 3 балл;
      асыл тұқымды материалға (ұрығына) асыл тұқымды куәліктің жоқтығы – 3 балл;
      6) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар үшін:
      «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның жоқтығы – 3 балл;
      ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын телу (ауыстырып салу) бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттың жоқтығы – 3 балл;
      зертханалық үй-жайдың жоқтығы – 3 балл;
      бақылау-өлшеу аспаптарының жоқтығы – 3 балл;
      құрал-саймандардың жоқтығы – 3 балл;
      криогендiк жабдықтардың жоқтығы – 3 балл;
      технологиялық жабдықтардың жоқтығы – 3 балл;
      асыл тұқымды материалға (эмбриондарға) асыл тұқымды куәліктің жоқтығы – 3 балл;
      уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды тиісінше жүргiзбеу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсынбау – 3 балл;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін күшінде болады.
      4. Жүргізілген тексерулер қорытындылары бойынша есептелген баллдардың сомасына байланысты мемлекеттік бақылау субъектілері мынадай болып бөлінеді:
      жоғары тәуекел дәрежесі – 20 және одан да жоғары балл;
      орташа тәуекел дәрежесі – 11 ден 20-ға дейін;
      төменгі тәуекел дәрежесі – 10-нан көп емес;
      5. Бір тәуекел деңгейіндегі субьектілерді тексеруді жоспарлаудың басымдығын айқындау үшін:
      1) жинақталған баллдардың ең жоғары сомасы;
      2) бұрынғы тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою нәтижесі (асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындауы);
      3) соңғы тексеру күні негіз болып табылады.
      6. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің     
міндетін атқарушының         
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және сауда    
министрінің міндетін атқарушының  
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313  
бірлескен бұйрығына         
2-қосымша              

Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері

      1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау" және "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
      2. Осы Критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) бақылау субьектілері – тұқымды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
      2) тұқым шаруашылығы саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүддесіне, адамның денсаулығына және тұтынушылар мүддесінің бұзылуына зиян келтірудің ықтималдығы.
      2. Бақылау субьектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті критерийлер және кейінгі бөлу кезінде субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
      Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
      1) төмен тәуекел дәрежесіне:
      тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханалар;
      тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субъектілер (бірегей тұқым өндірушілер, элиталық тұқым шаруашылықтары, тұқым өсіру шаруашылықтары және тұқым өткізушілер) жатады.
      3. Бақылау субьектілерін кейінгі бөлу бар кемшіліктерді ескере отырып, мынандай баллдар беріле отырып жүзеге асырылады:
      1) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар үшін:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 қаулысымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларына сәйкес тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылған талаптарды сақтамау – әр тармақ бойынша 5 балл;
      2) Бірегей тұқым өндірушілер үшін:
      тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
      3) Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін:
      тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
      4) Тұқым өсіру шаруашылықтары үшін:
      тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
      5) Тұқым өткізушілер үшін:
      тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
      Кейінгі бөлу нәтижесі бойынша, жүргізілген тексеру қортындысы бойынша жинақталған баллдың жиынтығына байланысты тексеру субьектілері төмендегіше бөлінеді:
      жоғарғы тәуекел дәрежесіне - 46 және одан жоғары;
      орташа тәуекел дәрежесіне - 26-дан 46 баллға дейін;
      төмен тәуекел дәрежесіне 26-баллдан төмен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.01.2014 № 8/72 және ҚР Өңірлік даму министрінің 10.02.2014 № 29/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлаудың басымдығы үшін:
      1) өндірілетін және сатылатын тұқымның көлемі;
      2) алдыңғы тексерулер кезінде жіберілген бұзушылықтардың елеулігі;
      3) ұзақ тексерілмеген кезең негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің     
міндетін атқарушының         
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және сауда    
министрінің міндетін атқарушының  
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313  
бірлескен бұйрығына         
3-қосымша             

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012.05.24 № 18-03/269 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.28 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен. 

Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Мемлекеттік қадағалаудың (бұдан әрі – қадағалау) өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерий) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау»«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау үшін әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) қадағалау субъектілері – өсімдіктерді қорғау саласында қызмет ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын, тасымалдайтын, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық, фумигациялық, авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолданатын, тіркеулік және өндірістік сынақтарды жүргізетін, пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел – жүргізілген фитосанитарлық іс шаралардың өсімдіктерге, адамның денсаулығы мен жануарларға, қоршаған ортаға өте жоғары дәрежеде зиян келтіруінің мүмкін болуы.
      3. Қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу – алғашқы бөлгенде объективтік критерийлердің негізінде жүргізіледі, ал келесі кезеңде бөлгенде - субъективтік критерийлер бойынша жүргізіледі.
      4. Қадағалау субъектілері алғашқы бөлген кезде 3 тәуекел дәрежеге жатқызылады:
      1) жоғарғы дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдық тәсілдермен қолдану қызметі;
      2) орташа дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану қызметі;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізу қызметі;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қызметі;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қызметі;
      3) төменгі дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
      рұқсат етілмеген, қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметі.
      5. Қадағалау субъектілерінің кейіннен бөлінуі орын алған заң бұзушылықтардың негізінде мынадай баллдар беріліп жүргізіледі:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерімен қолдану қызметімен айналысатын субъектілер үшін:
      мемлекеттік тіркеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) пестицидтердің (улы химикаттардың) енгізілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану – 10 балл;
      жеке меншіктік немесе басқа да заңдық негіздегі арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілмен қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) регламентін сақтамай пайдалану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
      қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
      тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім)), бiлiктi құрамының болмауы – 10 балл;
      пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдерден басқа) қолдану қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      мемлекеттік тіркеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) пестицидтердің (улы химикаттардың) енгізілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне сәйкессіз пайдалану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті аппаратураларымен қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 3 метрден, авиациямен қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 2 метрден болған кезде өсімдіктерді бүркуді жүзеге асыруды ерте таңғы және кешкі сағаттарда жүргізбеу – 10 балл;
      қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
      пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу мен өндірістік сынақтан өткізу қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеулік және өндірістік сынақтар жүргізуге қажетті пестицидтердің тәжірибелік үлгілерінің, эталондық пестицидтердің және пестицидтердің әсер етуші заттарының аналитикалық стандарттарының болмауы – 10 балл;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік, өндірістік сынақтау және мемлекеттік тіркеу жүргізу Қағидасына 3-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіретін аудандарда зиянды организмдердің ерекшеліктерін (ұрпақ санын, зияндылығын, резистенттігін, экономикалық әсерін, таралу ареалын) ескере отырып пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын, өндiрiстiк сынақтарды дақылға және зиянды организмге қарай бір-төрт топырақтық-климаттық аймақта өткізбеу – 10 балл;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті ведомствомен бекітілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын жүргізуді жоспарға сәйкес емес жүргізу – 10 балл;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын пестицидтерді (улы химикаттарды) ұсынылған қолдану регламенттеріне сәйкес емес жүзеге асыру – 10 балл;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының жүргізілу мерзімін сақтамау – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтық құралдарының болмауы – 5 балл;
      4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін арнаулы қойманың болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) ыдыстың этикеткасында көрсетілген талаптарды және белгілі бір пестицидтің пайдалану әдістемесін орындамай сақтау – 10 балл;
      физико-химиялық қасиетіне (ұшу, тотығу), өрт қауіптілігіне және жарылу қауіптілігіне, реакциялық белсенділігіне, сақтаудың температуралық режиміне байланысты топтастыруға келмейтін пестицидтерді бірге сақтау – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілсе – 10 балл;
      пестицидтер (улы химикаттар) тұғырықтар мен стеллаждарда сақталмаса – 10 балл;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының этикеткасында көрсетілген мөлшердегі дезактивация жасайтын заттардың болмауы – 10 балл;
      пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
      5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы жабдықталмаған және тиісті белгілері жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін, транспорттың әр түрлерінде қолданылатын тасымалдау кезіндегі қауіп туралы ақпарат жүйесінің апат карточкасы жоқ («Сақ бол – пестицидтер (улы химикаттар)») транспорттық құралдармен тасымалдау – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралында удың күшін жоятын заттардың, өрт сөндіргіштердің, құм қорының және жүргізуші мен жүкке жауапты қызметкердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;
      тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;
      6) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көметін арнаулы қоймалар мен (көмбелердің) болмауы – 10 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынған қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын заларсыздандыру әдістемелері мен технологиясының болмауы – 10 балл;
      бүтінділікті қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаны пестицидтермен (улы химикаттармен) ластандыру мүмкіндігі бар қажеттілігі бойынша әрі қарай қолдануға жарамсыз бірінші класты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау – 10 балл;
      қауіптілігі екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған жағдайда арнаулы қабаттары жоқ, полимерден жасалынған көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) орау – 10 балл;
      ыдыстары бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, біртұтастығы бұзылған ыдыстарға қайтадан салу – 10 балл;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағу арқылы құрту үшін, заңға сәйкес экологиялық және елдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік орган белгілеп берген жерде, жағылатын қосылымдардың улы емес (қауіпсіз) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін, жоғары температуралы құрылғылардың болмауы – 10 балл;
      пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын өртеу барысында бөлінетін газ және күл түріндегі ластағыштарға жүйелі бақылау мен мониторингтің болмауы – 10 балл;
      тыйым салынған, жарамсыз болған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын тиеу, тасу және түсіру үшін механизациялық құралдардың болмауы – 10 балл;
      залалсыздандыруға (утилизациялауға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті жағдайы бар бір орталықта сақтауға арналған қоймаға бөтен адамдардың кіруіне жол беру – 5 балл;
      мекеменің атауы, залалсыздандырылатын пестицидтің аты, мөлшері, залалсыздандыру тәсілі мен орны, жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның фамилиясы көрсетілген, әрі қарай қолдануға жарамайтын пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) актісінің болмауы – 5 балл;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қатысушы жұмыскерлердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл.
      6. Жүргізілген тексерудің қорытындысы негізінде, жиналған баллдардың қосындысына байланысты қадағалау субъектілері тәуекел дәрежелері бойынша былайша бөлінеді:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды) (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
      11 және одан көп балл алғандар – жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      6-дан 11 баллға дейін алғандар – орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолдану, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтау, сақтау, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын бақылау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
      21 және одан көп балл алғандар – жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      6-дан 21 баллға дейін алғандар – орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметін жүзеге асыратын қадағалау субъектілері алған баллдары бойынша:
      51 және одан көп балл алғандар - жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      16-тен 51-ге дейін балл алғандар - орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
      5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады.
      7. Бір дәрежедегі тәуекелге жататын қадағалау субъектілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жоспарлаған кезде, бірінші орынға қою үшін келесілер негіз болады:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      бірінші және екінші сыныпты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы қолданатын субъектілер;
      өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      бірінші және екінші сыныпты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы қолданатын субъектілер;
      өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
      өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
      4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
      аса қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;
      өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
      5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
      ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
      өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
      6) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыруға арналған үлкен сыйымдылықтары бар субъектілер;
      қадағалау объектілері елді мекендерге жақын орналасқан субъектілер;
      өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады