"Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 14-1/245 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1055 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 14-1/245 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7017 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 425-430 (26823) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілуін;
      2) мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялануы;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады