Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.12.2015 № 18-03/1055 бұйрығымен.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров. Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 6 мамырдағы
№ 14-1/245 бұйрығымен
бекітілген
«Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке
алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес әзірленді.
Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариумдердің ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
2) мемлекеттік қызмет көрсету - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті жеке және заңды тұлғаларға беруі;
3) тұтынушы - мемлекеттік қызмет алуға құжаттарын ұсынған жеке немесе заңды тұлға.
2. «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжай бойынша көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесіне (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулысымен бекітілген «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
5. Ережеге 2-қосымшамен бекітілген нысан бойынша Зоологиялық коллекцияны тізілімге енгізу туралы куәлікті (қағаз тасығышта) беру немесе оны беруден жазбаша нысанда дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа органдардың қатысы қаралмаған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті көрсету және ұсынылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініңwww.minagri.gov.kz, Комитеттің - www.fhc.kz және www.fisher.minagri.kz
интернет-ресурстарында орналасқан.
8. Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы ұсынылатын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
9. Куәлік берген кезде сарапшы тұтынушыны Ережемен таныстырады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдап алуды бір маман жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттар тізімін ұсынады.
12. Тұтынушының ұсынылатын құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекет
(өзара іс-әрекет) жазбасы
13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) қабылданып алынған құжаттарды Комитет кеңсесінің маманы қарайды және бақылауға алады;
2) тиісті дәрежеде тіркелген, ресімделген құжаттар Комитет төрағасына және одан кейін сарапшыға (орындаушыға) (бұдан әрі - сарапшы) беріледі;
3) сарапшы ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді, зоологиялық коллекциялар тізіліміне енгізілгендігі туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) береді, немесе дәлелді бас тарту әзірлейді;
4) ресімделген куәлікке Комитет төрағасы қол қояды және мөрмен растайды.
Құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
14. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары қарастырылмаған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) іске қосылған:
1) кеңсе маманы;
2) Комитет төрағасы, немесе оның орынындағы тұлға;
3) сарапшы (орындаушы).
16. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің сабақтастығы мен өзара іс-әрекетінің (рәсімдерінің) кестелік мәтіндік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисындық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
«Зоологиялық коллекцияларды құру және
мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) сабақтастығы мен өзара
әрекеттестігінің кестелік мәтіндік сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (барысының, жұмыстар ағынының) іс-әрекеттері |
||||||
1 |
Үдерістің (барысының, жұмыстар ағынының іс-әрекеттерінің № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
ҚФБ атауы |
Кеңсе маманы |
Комитет төрағасы |
Сарапшы (орындаушы) |
Комитет Төрағасы |
Сарапшы (орындаушы) |
3 |
Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атау және олардың сипаттамасы |
Өтініштің құжаттарды қабылдау, көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстыру, журналда тіркеу |
Ұсынылған құжаттармен танысу |
Ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексеру |
Қаралған құжаттарымен таныстыру |
Зоологиялық коллекцияны тізілімге енгізу туралы куәлікті беру |
4 |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- |
Тіркеу күні мен нөмірі және мемлекет тік қызметті алу күні көрсетілген талон беру |
Бұрыштама қою |
Зоологиялық коллекцияны тізілімге енгізу туралы куәлікті беру немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу |
Ресімделген құжатқа қол қою және мөрмен растау |
Тұтынушының куәлікті алғандығы жөнінде журналға қол қоюы |
5 |
Орындалу мерзімдері |
30 минут |
1 күн |
1 күн |
1 күн |
30 минут |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары
Негізгі үдеріс - мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шешім бекітілген жағдайда
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны) |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Кеңсе маманы |
Комитет Төрағасы |
Сарапшы (орындаушы) |
Комитет Төрағасы |
Сарапшы (орындаушы) |
№ 1 іс-әрекет |
№ 2 іс-әрекет |
№ 3 іс-әрекет |
№ 4 іс-әрекет |
№ 5 іс-әрекет |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары
Баламалы үдеріс-мемлекеттік қызмет көрсетуден бас
тарту жөнінде шешім бекітілген жағдайда
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны) |
||
Кеңсе маманы |
Комитет төрағасы |
Сарапшы (орындаушы) |
№ 1 іс-әрекет |
№ 2 іс-әрекет |
№ 3 іс-әрекет |
№ 4 іс-әрекет |
№ 5 іс-әрекет |
«Зоологиялық коллекцияларды құру және
мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша