Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген облыс әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 4 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысы әкімінің күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі
1. "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға құжаттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 3 маусымда № 1788 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымда "Ақ жол" газетінде жарияланған);2. "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға құжаттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 қарашада № 1798 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Ақ жол" газетінде жарияланған);
3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды субсидиялауға қажетті құжаттар нысандарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 3 маусымда № 1787 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымда "Ақ жол" газетінде жарияланған).