"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы №235 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 255 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бетіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 235 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2338 болып тіркелген, 2014 жылдың 11 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады