"Жамбыл облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 04 наурыздағы №73 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 256 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 04 наурыздағы №73 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1938 болып тіркелген, 2013 жылдың 16 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады