Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 09 қаңтардағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" № 03 қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 247 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-1 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйырығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 09 қаңтардағы № 03 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 17 ақпандағы № 2529 болып тіркелген (Т.Рысқұлов аудандық "Құлан таңы" газетінің 2015 жылдың 11 наурызындағы №23 (7067) және 2015 жылдың 10 сәуіріндегі № 31 (7075) нөмірлерінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімалыұлына жүктелсін.
      Аудан әкімі Ж. Айтақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады