Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі "Шу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 317 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 449 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 11-11-12/2262 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі "Шу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 317 қаулысының күші жойылды деп танылсын. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 14 қазанда 2804 нөмірімен тіркелген).
      2. "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны туралы әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Өміралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады