"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 375 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда № 4001 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 162 (1142) санында жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 358 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 шілдеде № 4319 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 158 (1138) санында жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 266 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 20 маусымда № 4751 болып тіркелген. «Заң газетінің» 2007 жылғы 6 шілдедегі № l02 (1305) санында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ысмағулова С.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін:
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі T.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым
      Министрі                                          А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады