РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту утралы" № 212 бұйрығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы "Қаражал қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" № 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2963 болып тіркелген, 2015 жылы 28 ақпанда № 8 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау мәселенің тиістілігіне қарай Қаражал қаласы әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
Қаражал қаласының әкімі | Қ. Шорманбаев |