Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдарының Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 15/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 32/08 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 15/01 "Аудандық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдарының Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3212 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 мамырдағы № 21 (1107) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Айғаным Жолшорқызы Ақпановаға жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады