1. Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында ірі қара, ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс – шараларды жүргізуіне байланысты, Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында бекітілген шектеу іс-шарасын тоқтатылып және Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйегіндегі № 238 "Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізімінде 2014 жылғы 14 қыркүйегінде № 2753 болып тіркелген), "Қарқаралы" газетінің 2014 жылғы 27 қыркүйегінде № 77-78 (11304) санында жариланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы А.Ж.Қасымовқа жүктелсін.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |