Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 31/01 "Жергілікті бюджеттен қаржыланатын Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 15/22 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 31/01 "Жергілікті бюджеттен қаржыланатын Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 2956 болып тіркелген, 2015 жылы 7 ақпандағы № 6 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады