"Мемлекеттік кеме тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 30-П бұйрығының күші жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 119 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік кеме тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 4 мамырдағы № 30-П бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2870 болып тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2004 жылғы 19 маусымда № 25 (182) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің Су көлігінде бақылау басқармасы (А.Қ. Закарьяновқа) қамтамасыз ету:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
      2} осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төраға орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                             Ә. Асавбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады