Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 610 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерінің өкілеттік мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 452 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7344 тіркелген, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 421-423 (26812-26814) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің екілеттіктер мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 2 тамыздағы Ш 236 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8652 тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 36 бұйрығының {Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9218 тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 қыркүйектегі  № 172 (27793) «Казахстанская правда», 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 172 (28395) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ, Хаиров) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму Министрінің
      міндетін атқарушы                                        А. Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады