Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерінің өкілеттік мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 452 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 желтоқсанда № 7344 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 610 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 610 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2012 жылғы 16 тамызға дейінгі мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындасын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы   
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің        
2011 жылғы 9 желтоқсандағы 
№ 452 бұйрығына    
қосымша        

      1. "Индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      4. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады