"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңын басшылыққа ала отырып, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 349 қаулысының (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 4 желтоқсанда 4546 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 102 санында ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әлішева Жұмагүл Нахтайқызына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | А. МҰХИМОВ |