Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы "Сырдария ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 181 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 330 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сырдария ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 181 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17.06.2015 жылы № 5017 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газет баспасының 24.06.2015 жылы № 47 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады