"Әкелу кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі мөлшерлемелер көлемі және олардың қолдану мерзімі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 754 бұйрығының қолданысын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 777 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданылу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімі күшіне енгенге дейін «Әкелу кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі мөлшерлемелер көлемі және олардың қолдану мерзімі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 754 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12390 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) қолданысы тоқтата тұрсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарлауды;
      2) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық интеграция
      істері министрі
      _____________ Ж. Айтжанова
      2015 жылғы «_____» __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады